https://sputnik.kz/20250220/toqaev-onerkasiptik-qauipsizdik-salasyndagy-baqylaudy-qatandatudy-tapsyrdy-51031770.html
Тоқаев өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылауды қатаңдатуды тапсырды
Тоқаев өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылауды қатаңдатуды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысының үкіметке берген тапсырмаларын президент әкімшілігі ерекше бақылауда ұстайды 20.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-20T18:52+0500
2025-02-20T18:52+0500
2025-02-20T18:56+0500
президент
қауіпсіздік
https://sputnik.kz/img/07e9/02/12/50954074_0:320:853:800_1920x0_80_0_0_8d1e7510ae1933d4f057c91127eeed9c.jpg
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Ұлытау облысындағы "Қазақмыс" корпорациясына қарасты кеніште орын алған қайғылы оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігі саласында қатаң сақталуға тиіс жағдайларға назар аударды, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы бекітілген талаптардың өрескел бұзылған фактілері бар екеніне көңіл бөлді. Нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесімен жабдықталу деңгейі де өте төмен.Сонымен қатар, компаниялар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға тиісті мөлшерде инвестиция салмайды. Мұның барлығы техногенді апаттарға, жұмысшылардың қаза табуы мен жарақат алуына әкеп соқтырады.Президент қатерлі өндіріс орындарында жұмыс істейтін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Үкіметке төмендегідей шаралар қабылдауды тапсырды:Мемлекет басшысының бұл тапсырмаларын Президент Әкімшілігі ерекше бақылауда ұстайды.
https://sputnik.kz/20250219/ulytaudagy-kenshiler-qazasy-bozymbaev-shakhtadagy-apattyn-aldyn-ala-sebebin-atady-50984150.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/12/50954074_0:257:853:897_1920x0_80_0_0_22db9f5a378072da5153a102a7a916c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қауіпсіздік
Тоқаев өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылауды қатаңдатуды тапсырды
18:52 20.02.2025 (жаңартылды: 18:56 20.02.2025) Мемлекет басшысының үкіметке берген тапсырмаларын президент әкімшілігі ерекше бақылауда ұстайды
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Ұлытау облысындағы "Қазақмыс" корпорациясына қарасты кеніште орын алған қайғылы оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігі саласында қатаң сақталуға тиіс жағдайларға назар аударды, деп хабарлады
Ақорда.
Мемлекет басшысы бекітілген талаптардың өрескел бұзылған фактілері бар екеніне көңіл бөлді. Нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесімен жабдықталу деңгейі де өте төмен.
Сонымен қатар, компаниялар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға тиісті мөлшерде инвестиция салмайды. Мұның барлығы техногенді апаттарға, жұмысшылардың қаза табуы мен жарақат алуына әкеп соқтырады.
Президент қатерлі өндіріс орындарында жұмыс істейтін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Үкіметке төмендегідей шаралар қабылдауды тапсырды:
1.
Нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларының сақталуына қатысты тексеру жүргізу;
2.
Аталған нысандарға заманауи қауіпсіздік жүйесін, соның ішінде газ белгі беру құрылғыларын, сейсмикалық қондырғыларын, позиционирлеу жүйесін және тағы басқа тиісті әдіс-тәсілдерді әзірлеу мен енгізу;
3.
Болжау мен құлақтандырудың автоматтандырылған жүйесін енгізе отырып, нысандарды цифрландыру;
4.
Тексеру қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыс бағдарламаларына түзетулер енгізіп, заманауи өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесіне салынатын инвестиция көлемін ұлғайту жолын қарастыру;
5.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау мен қадағалау тетіктерін қатаңдату.
Мемлекет басшысының бұл тапсырмаларын Президент Әкімшілігі ерекше бақылауда ұстайды.