Ұлытаудағы кеншілер қазасы: Бозымбаев шахтадағы апаттың алдын ала себебін атады

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаБозымбаев шахтадағы апаттың алдын ала себебін атады
Бозымбаев шахтадағы апаттың алдын ала себебін атады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2025
Жазылу
Вице-премьер кеншілер қазасын тексеретін үкіметтік комиссияның жұмысына тоқталды
АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Ұлытау өңіріндегі шахтада болған төтенше жағдайдың алдын ала себебі - табиғи газдың жарылуы, деп мәлімдеді премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев.
Үкімет отырысында ол "Жомарт" шахтасындағы апаттың себептері мен қауіпсіздік техникасының бұзылуын тексеру жұмыстарын 10 күн ішінде аяқтау керектігін айтты.
Сондай-ақ тиісті сараптамалар жүргізіледі, деді Бозымбаев.
"Қазір шахтадағы жұмыс тоқтатылды. Екі арнайы шағын комиссия құрылды: бірі апаттың себептерін анықтауы керек, екіншісі қауіпсіздік ережелерінің бұзылуын анықтауы керек", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 17 ақпан күні Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС-нің Жомарт кенішінде тау жынысы опырылған болатын. Оқиға салдарынан жеті жұмысшы үйінді астында қалды. Барлығы қайтыс болды.Бұл төтенше жағдайға байланысты "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қанат Бозымбаев тергеу аяқталғанға дейін шахтадағы жұмысты қайта бастамауды тапсырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2025
Қанат Бозымбаев тергеу аяқталғанға дейін шахтадағы жұмысты қайта бастамауды тапсырды
Жаңалықтар
0