Ұшақ апаттарын тергеумен айналысатын жаңа орган құрылады

© Пресс-служба акимата Мангистауской областиАқтаудағы ұшақ апаты
Ақтаудағы ұшақ апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2025
Жазылу
Арнайы орталыққа білікті мамандар тартылып, қажеті жабдықтармен қамтамасыз етіледі
АСТАНА, 19 ақпан - Sputnik. Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) бағалауы бойынша Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігінің көрсеткіші 82%-ды құрайды, бұл орташа әлемдік деңгейден (70,8%) едәуір жоғары екенін айтты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Вице-министрдің айтуынша, авиациялық оқиғаларды тергеу ИКАО ұшу қауіпсіздігін бағалау үшін аса маңызды сегіз критикалық көрсеткіштің бірі және Қазақстанда бұл көрсеткіш 51%-ды құрайды. Басқа көрсеткіштердің ішінде ол ең төмен болып отыр.
"Жыл соңына дейін жағдайды жақсарту үшін жоғары білікті мамандарды тарта отырып және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген көлік оқиғаларын тергеу жөніндегі арнайы орталық құру жоспарлануда", — деді Талғат Ластаев.
Ластаев еліміздің ұшақ паркі тағы қанша әуе кемесімен толығатыны туралы да баяндады.
"Қазақстанда ішкі әуе тасымалын алты авиакомпания 56 бағыт бойынша (өсім 10%) жүзеге асырады. Әуе рейстерінің тұрақтылығы 75%-ды құрайды, бұл әлемдік көрсеткіштерге сәйкес келеді. Қазақстандық авиакомпаниялар жыл сайын шамамен 10-15 жаңа заманауи ұшақ сатып алады. Қазіргі уақытта әуе кемелерінің паркінде 104 ұшақ бар, жыл соңына дейін тағы 14-і келеді деп күтілуде", - деді вице-министр.
Ресми ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы қазақстандық авиакомпаниялар 14,7 млн жолаушыны тасымалдады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 11%-ға көп. Әуежайларда 29,7 млн адам қызмет көрсетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға артық. Жалпы, соңғы 5 жылда сала көрсеткіштері 2 есеге өсті.
Крушение самолета близ Актау: на месте происшествия продолжаются работы по разбору конструкций самолета. - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2025
Ақтаудағы ұшақ апаты: марқұмдардың отбасыларына қандай көмек жасалды
Жаңалықтар
0