https://sputnik.kz/20250124/aqtaudagy-ushaq-apaty-marqumdardyn-otbasylaryna-qanday-komek-zhasaldy-50252207.html
Ақтаудағы ұшақ апаты: марқұмдардың отбасыларына қандай көмек жасалды
Ақтаудағы ұшақ апаты: марқұмдардың отбасыларына қандай көмек жасалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтаудағы ұшақ апатында қайтыс болғандардың отбасыларына қандай көмек көрсетілгенін... 24.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-24T15:12+0500
2025-01-24T15:12+0500
2025-01-24T15:12+0500
ақтау
ұшақ апаты
көмек
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/1a/49570559_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_09ac2ef328aa03c711a3f6f05dc0666c.jpg
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтаудағы ұшақ апатында қайтыс болғандардың отбасыларына қандай көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 26 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағы Ақтаудағы аэродромға бет алып, апатқа ұшыраған. Бортта 67 адам (оның ішінде бес экипаж мүшесі) болған, олардың 38-і қаза тауып, 29-ы аман қалды. Қаза тапқандардың ішінде 6 Қазақстан азаматы да болды. Вице-премьердің айтуынша, әрбір отбасыға алдымен әлеуметтік көмек көрсетілді. "Бірншіден, әлеуметтік көмек көрсетілді. Әрбір отбасыға тиісі соммасы төленді. Жерлеу және тағы басқа шығындарды біздің әріптестеріміз - әкімдер өз мойнына алды. Оқиға орнына жету және тасымалдау шығындары да қарастырылды", - деді Бозымбаев үкіметте өткен брифингте. Оның айтуынша, алдағы уақытта демеушілердің есебінен тағы ақшалай көмек көрсетіледі. "Келесі аптада демеушілердің арқасында тағы бір көмек көрсетілетін болады. Әзірге нақты қандай, қанша мөлшердегі көмек екенін айта алмаймын. Әрбір отбасыға 5 миллион теңгеден беріледі деген. Ресми тағы мәлімет береміз", - деп атап көрсетті вице-премьер. Бүгін Бозымбаев апатқа қатысты алдын ала ақпараттың қай кезде жарияланатынын да айтты. Ал криминалистік тергеу шаралары жалғасады. Соның нәтижесінде кінәлі адамдар анықталады.
https://sputnik.kz/20250124/aqtaudagy-ushaq-apaty-tergeudin-natizhesi-qashan-zhariyalanady-50247497.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/1a/49570559_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_31384afa1b67078d17defe0407478bf2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау, ұшақ апаты, көмек
Ақтаудағы ұшақ апаты: марқұмдардың отбасыларына қандай көмек жасалды
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтаудағы ұшақ апатында қайтыс болғандардың отбасыларына қандай көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
26 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағы Ақтаудағы аэродромға бет алып, апатқа ұшыраған. Бортта 67 адам (оның ішінде бес экипаж мүшесі) болған, олардың 38-і қаза тауып, 29-ы аман қалды. Қаза тапқандардың ішінде 6 Қазақстан азаматы да болды. Вице-премьердің айтуынша, әрбір отбасыға алдымен әлеуметтік көмек көрсетілді.
"Бірншіден, әлеуметтік көмек көрсетілді. Әрбір отбасыға тиісі соммасы төленді. Жерлеу және тағы басқа шығындарды біздің әріптестеріміз - әкімдер өз мойнына алды. Оқиға орнына жету және тасымалдау шығындары да қарастырылды", - деді Бозымбаев үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, алдағы уақытта демеушілердің есебінен тағы ақшалай көмек көрсетіледі.
"Келесі аптада демеушілердің арқасында тағы бір көмек көрсетілетін болады. Әзірге нақты қандай, қанша мөлшердегі көмек екенін айта алмаймын. Әрбір отбасыға 5 миллион теңгеден беріледі деген. Ресми тағы мәлімет береміз", - деп атап көрсетті вице-премьер.
Бүгін Бозымбаев апатқа қатысты алдын ала ақпараттың қай кезде жарияланатынын да
айтты. Ал криминалистік тергеу шаралары жалғасады. Соның нәтижесінде кінәлі адамдар анықталады.