ҚМДБ Рамазан айы қарсаңында Telegram-ботты іске қосты

© Photo : Духовное управление мусульман КазахстанаҚМДБ Рамазан айы қарсаңында Telegram-ботты іске қосты
ҚМДБ Рамазан айы қарсаңында Telegram-ботты іске қосты - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2025
Жазылу
Бот арқылы Рамазан кестесін жүктеуге болады
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айының қарсаңында Telegram-ботты іске қосты, деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Бот @MuftyatBot деп аталады және ол діни сұрақтарға жауап беру үшін арнайы әзірленді, ол шариғат мәселелері бойынша ақпарат беруге және кеңес ұсынуға арналған.
Одан бөлек қолданушылар бот арқылы Рамазан кестесін жүктей алады.
Еске салайық, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.
Мечеть Нур-Астана практически невидима в тумане - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2025
Рамазан-2025: пітір садақа мөлшері қанша болады
Жаңалықтар
0