Қазақстан президенті мен Иордания королі бірлескен мәлімдеме қабылдады

© Photo : АкордаПрезидент Касым-Жомарт Токаев провел переговоры с Королем Иордании Абдаллой II бен аль-Хусейном
Президент Касым-Жомарт Токаев провел переговоры с Королем Иордании Абдаллой II бен аль-Хусейном - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2025
Жазылу
АСТАНА,19 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордан Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла бен әл-Хусейн келіссөздер аяқталғаннан кейін бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялар мүшелері төмендегідей құжаттарға қол қойды:
1.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігі Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
2.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Иордан Хашимит Корольдігі Атом энергетикасы жөніндегі комиссиясы арасындағы атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
3.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Иордан Хашимит Корольдігі Өнеркәсіп, сауда және жабдықтау министрлігі арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;
4.
"Самұрық-Қазына" ұлттық компаниясы" АҚ мен Иордан Хашимит Корольдігі Инвестициялар министрлiгi арасындағы ынтымақтастық туралы келiсiм;
5.
Қазақстан Республикасы президенті Іс басқармасы "Қазақстан Республикасы президентiнiң телерадиокешенi" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны мен Иордания радио және телевизия корпорациясы (Jordan Radio and Television Corporation) арасындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастық туралы меморандум.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысының Иорданияға ресми сапары аясында ведомствоаралық және коммерциялық 10 құжатқа қол қойылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2025
Тоқаев Иордания королін Қазақстанға сапармен келуге шақырды
Жаңалықтар
0