https://sputnik.kz/20250219/toqaev-iordaniya-korolin-qazaqstanga-saparmen-keluge-shaqyrdy-51000063.html
Тоқаев Иордания королін Қазақстанға сапармен келуге шақырды
Тоқаев Иордания королін Қазақстанға сапармен келуге шақырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда. 19.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-19T17:35+0500
2025-02-19T17:35+0500
2025-02-19T17:35+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/02/13/50998072_0:37:1280:757_1920x0_80_0_0_397b4bf98e87d5358e10dadd88873f6d.jpg
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.Президенттің пікірінше, Иордания – бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бейіл ел ретінде халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалған мемлекет.Президент таяу болашақта нақты уағдаластықтарға қол жеткізіп, оның оң нәтижелерін көретініне сенім білдірді."Біз өзара ықпалдастығымыздың аясында аянбай жұмыс істеуге дайынбыз. Иорданияны достас мемлекет деп санаймыз. Екі елді байланыстыратын дүние көп, – деп толықтырды Тоқаев.Мемлекет басшысының айтуынша, бүгін қабылданатын Бірлескен мәлімдеме мен келісімдер Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша арттыруға қос тарап та мүдделі екенін білдіреді.Ал Иордания королі II Абдалла Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды одан әрі кеңейтуге мол мүмкіндік беретінін атап өтті.Келіссөз барысында тараптар сауда, инвестиция, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, туризм, энергетика, цифрландыру және фармацевтика секілді негізгі секторлардағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективасын егжей-тегжейлі талқылады.Екі елдің мәдени-гуманитарлық ықпалдастығын кеңейту мәселелеріне айрықша мән берілді. Қазіргі кезде Қазақстанның медициналық оқу орындарында Иорданияның 300-ге жуық азаматы білім алып жатыр.Сонымен қатар пемлекет басшысы мен Иордания Королі халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.Кездесу соңында Президент Иордания королін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/13/50998072_111:0:1170:794_1920x0_80_0_0_f576a35b87245d4a2ff51b0b6df33f53.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.
Президенттің пікірінше, Иордания – бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бейіл ел ретінде халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалған мемлекет.
"Бұл сапарымның мақсаты – біздің қарым-қатынастарымызға, достығымыз бен сауда-экономикалық байланыстарымызға тың серпін беру. Әлемде орын алып жатқан үдерістерге қатысты көзқарасымыз бен оған беретін бағамыз ортақ деп санаймын. Сонымен қатар біз саяси деңгейдегі ынтымақтастығымызды тереңдете түсуге ниеттіміз. Біздің айқын жоспарымыз бар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент таяу болашақта нақты уағдаластықтарға қол жеткізіп, оның оң нәтижелерін көретініне сенім білдірді.
"Біз өзара ықпалдастығымыздың аясында аянбай жұмыс істеуге дайынбыз. Иорданияны достас мемлекет деп санаймыз. Екі елді байланыстыратын дүние көп, – деп толықтырды Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, бүгін қабылданатын Бірлескен мәлімдеме мен келісімдер Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша арттыруға қос тарап та мүдделі екенін білдіреді.
Ал Иордания королі II Абдалла Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды одан әрі кеңейтуге мол мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Өзіңізді және Сіздің құрметті делегацияңызды Иорданияда қарсы алғаныма қуаныштымын. Бүгін экономикалық байланыстарды жандандыруға және жеке сектор үшін мол мүмкіндіктер ашылады. Бұл өте маңызды", – деді Иордания королі.
Келіссөз барысында тараптар сауда, инвестиция, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, туризм, энергетика, цифрландыру және фармацевтика секілді негізгі секторлардағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективасын егжей-тегжейлі талқылады.
Екі елдің мәдени-гуманитарлық ықпалдастығын кеңейту мәселелеріне айрықша мән берілді. Қазіргі кезде Қазақстанның медициналық оқу орындарында Иорданияның 300-ге жуық азаматы білім алып жатыр.
Сонымен қатар пемлекет басшысы мен Иордания Королі халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Кездесу соңында Президент Иордания королін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.