https://sputnik.kz/20250218/uyaly-telefondar-bugattalady--manyzdy-10-suraqtyn-zhauaby-50961600.html
Ұялы телефондар бұғатталады – маңызды 10 сұрақтың жауабы
Ұялы телефондар бұғатталады – маңызды 10 сұрақтың жауабы
Sputnik Қазақстан
Ұялы телефондардың қолданысына қатысты наурызда енгізілетін жаңа ережелер мобильді құрылғыларды верификациялауға мүмкіндік береді 18.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-18T13:56+0500
2025-02-18T13:56+0500
2025-02-18T13:56+0500
ұялы телефон
тіркеу
https://sputnik.kz/img/07e5/09/05/18045168_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_40dc5009ba6979b0a374fa0b6bd8dea2.jpg
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Келесі айдан бастап Қазақстанда ұрланған немесе заңсыз әкелінген ұялы телефондардың барлығы бұғатталады. Ал қолда жүрген гаджеттер үш тізімге енгізіледі. Бұдан бөлек, жаңа телефондарды арнайы сайтта тексеріп алуға мүмкіндік болады. Sputnik Қазақстан наурызда енгізілетін ережелерге қатысты маңызды 10 сұрақтың жауабын ұсынады.1. Ұялы телефондарға қатысты жаңа ереже қашан күшіне енеді?Ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістер 24 наурыздан бастап күшіне енеді. Сол кезде арнайы қызмет іске қосылады. Соның негізінде мобильді құрылғыларды верификациялауға, яғни, барлық мәліметін тексеріп алуға болады.2. Ұялы телефондардың бәрін бұғаттап тастай ма?Жоқ, жаңа ережелер тек 2025 жылдың 24 наурызынан кейін елге әкелінген жаңа құрылғыларға ғана қатысты. Қазақстан аумағында бұрыннан бар және идентификациялық кодтар дерекқорына енгізілген телефондар істей береді.3. Демек, 24 наурыздан кейін әкелінген ұялы телефондар бұғатталады. Солай ма?24 наурыздан кейін тек "қара тізімге" енген, яғни, заңсыз әкелінген, жалған немесе ұрланған құрылғылар бұғатталады. Бұдан бөлек, "ақ тізім" және "сұр тізім" болады. "Ақ тізімге" тексерістен сәтті өткен телефондар кіреді. Олар ешбір шектеусіз жұмыс істей береді. Ал "сұр тізім" уақытша рұқсат етілген құрылғылар үшін жүргізіледі. Олардың иелері 30 күннің ішінде телефонның заңды түрде әкелінгенін растауға тиіс.4. 30 күннен кейін телефонды бұғаттап тастай ма?"Сұр тізімге" енген құрылғыны 30 күн бойы қолдануға мүмкіндік бар. Осы уақыт ішінде операторлар SMS хабарлама арқылы телефонды верификациядан өткізу қажеттілігі туралы ескертеді. Хабарламада арнайы анкетаға сілтеме беріледі, оны толтыру қажет. Ал шетелден әкелінген құрылғы иелері шекарадан өткен күнді көрсетуі керек. Егер телефон иесі 30 күн ішінде верификациядан өтпесе, кез келген уақытта хабарламадағы сілтеме арқылы анкетаны толтырып, растау процесін аяқтай алады. Верификация бір айдың ішінде жасалмаса, телефон автоматты түрде "қара тізімге" ауыстырылады. Ал байланыс бұғатталады.5. Сонда 24 наурызға дейін тіркелген телефондар "ақ тізімге" енгізіледі ме?Иә, дәл солай. Бұрыннан бар және идентификациялық кодтар базасына енгізілген мобильді телефондар автоматты түрде "ақ тізімге" енгізіледі және ешбір кедергісіз жұмыс істей береді.6. Ұялы телефонның қай тізімге кіргенін қалай білуге болады?Ұялы байланыс операторы абоненттік нөмірдің идентификациялық нөмірмен сәйкестігін тексеріп, телефон иесіне SMS арқылы хабар береді.7. Ереже күшіне енгеннен кейін жаңадан сатып алынатын ұялы телефонды арнайы сайттан тексеруге мүмкіндік болады деген. Оны қай сайттан тексереді?2025 жылдың 24 наурызынан кейін телефон сатып алғысы келетін адамдар жаңа гаджеттің IMEI-кодын мына сайттан тексере алады.8. Сайтта қандай мәліметтер тексеріледі?Сайтта жаңа телефонға қатысты бірнеше маңызды мәліметтер тексеріледі. Олар: IMEI-кодының түпнұсқалығы, IMEI-кодтың GSMA халықаралық базасында ұрланған, бұғатталған немесе жоғалған құрылғылар тізімінде бар-жоғы, құрылғының Қазақстан аумағына заңды түрде әкелінгені. Верификация нәтижесінде мобильді құрылғылар үш тізімге бөлінеді.9. Ал ұялы телефонды шетелден өзіңмен бірге алып келсең, оны қалай тіркеу керек?Жеке тұлға ұялы телефонды сату мақсатында емес, өзі қолдану үшін шетелден алып келсе, мемлекеттік шекарадан өткені немесе тауарды алып келгені туралы құжатты да көрсетуі керек. Айта кетері, бүгінде заң бойынша шетелден бір айда екі телефоннан артық әкелуге болмайды. Сайтта ондай құрылғыларды алдын ала тексеріп алуға мүмкіндік болады.10. Жаңа ережені не үшін енгізіп отыр?Қазіргі кезде Қазақстанда шамамен 3,7 миллион қайталанған IMEI-коды бар құрылғы тіркелген. Мұндай мобильді құрылғылар нарығы ұялы телефондардың заңды айналымын бақылауды қиындатып отыр. Ал жаңа ережелер тіркеу жүйесін одан әрі жақсартып, алаяқтықпен күресуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және мобильді құрылғыларды пайдалану қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20250212/uyaly-telefondar-bugattalady--negizgi-erezheler-qanday-50811248.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/05/18045168_84:0:1221:853_1920x0_80_0_0_c0229d34e4b4a75479e6f39cc358c416.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұялы телефон, тіркеу
Ұялы телефондар бұғатталады – маңызды 10 сұрақтың жауабы
Ұялы телефондардың қолданысына қатысты наурызда енгізілетін жаңа ережелер мобильді құрылғыларды верификациялауға мүмкіндік береді
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Келесі айдан бастап Қазақстанда ұрланған немесе заңсыз әкелінген ұялы телефондардың барлығы бұғатталады. Ал қолда жүрген гаджеттер үш тізімге енгізіледі. Бұдан бөлек, жаңа телефондарды арнайы сайтта тексеріп алуға мүмкіндік болады.
Sputnik Қазақстан наурызда енгізілетін ережелерге қатысты маңызды 10 сұрақтың жауабын ұсынады.
1. Ұялы телефондарға қатысты жаңа ереже қашан күшіне енеді?
Ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістер 24 наурыздан бастап күшіне енеді. Сол кезде арнайы қызмет іске қосылады. Соның негізінде мобильді құрылғыларды верификациялауға, яғни, барлық мәліметін тексеріп алуға болады.
2. Ұялы телефондардың бәрін бұғаттап тастай ма?
Жоқ, жаңа ережелер тек 2025 жылдың 24 наурызынан кейін елге әкелінген жаңа құрылғыларға ғана қатысты. Қазақстан аумағында бұрыннан бар және идентификациялық кодтар дерекқорына енгізілген телефондар істей береді.
3. Демек, 24 наурыздан кейін әкелінген ұялы телефондар бұғатталады. Солай ма?
24 наурыздан кейін тек "қара тізімге" енген, яғни, заңсыз әкелінген, жалған немесе ұрланған құрылғылар бұғатталады. Бұдан бөлек, "ақ тізім" және "сұр тізім" болады. "Ақ тізімге" тексерістен сәтті өткен телефондар кіреді. Олар ешбір шектеусіз жұмыс істей береді. Ал "сұр тізім" уақытша рұқсат етілген құрылғылар үшін жүргізіледі. Олардың иелері 30 күннің ішінде телефонның заңды түрде әкелінгенін растауға тиіс.
4. 30 күннен кейін телефонды бұғаттап тастай ма?
"Сұр тізімге" енген құрылғыны 30 күн бойы қолдануға мүмкіндік бар. Осы уақыт ішінде операторлар SMS хабарлама арқылы телефонды верификациядан өткізу қажеттілігі туралы ескертеді. Хабарламада арнайы анкетаға сілтеме беріледі, оны толтыру қажет. Ал шетелден әкелінген құрылғы иелері шекарадан өткен күнді көрсетуі керек. Егер телефон иесі 30 күн ішінде верификациядан өтпесе, кез келген уақытта хабарламадағы сілтеме арқылы анкетаны толтырып, растау процесін аяқтай алады. Верификация бір айдың ішінде жасалмаса, телефон автоматты түрде "қара тізімге" ауыстырылады. Ал байланыс бұғатталады.
5. Сонда 24 наурызға дейін тіркелген телефондар "ақ тізімге" енгізіледі ме?
Иә, дәл солай. Бұрыннан бар және идентификациялық кодтар базасына енгізілген мобильді телефондар автоматты түрде "ақ тізімге" енгізіледі және ешбір кедергісіз жұмыс істей береді.
6. Ұялы телефонның қай тізімге кіргенін қалай білуге болады?
Ұялы байланыс операторы абоненттік нөмірдің идентификациялық нөмірмен сәйкестігін тексеріп, телефон иесіне SMS арқылы хабар береді.
7. Ереже күшіне енгеннен кейін жаңадан сатып алынатын ұялы телефонды арнайы сайттан тексеруге мүмкіндік болады деген. Оны қай сайттан тексереді?
2025 жылдың 24 наурызынан кейін телефон сатып алғысы келетін адамдар жаңа гаджеттің IMEI-кодын
мына сайттан тексере алады.
8. Сайтта қандай мәліметтер тексеріледі?
Сайтта жаңа телефонға қатысты бірнеше маңызды мәліметтер тексеріледі. Олар: IMEI-кодының түпнұсқалығы, IMEI-кодтың GSMA халықаралық базасында ұрланған, бұғатталған немесе жоғалған құрылғылар тізімінде бар-жоғы, құрылғының Қазақстан аумағына заңды түрде әкелінгені. Верификация нәтижесінде мобильді құрылғылар үш тізімге бөлінеді.
9. Ал ұялы телефонды шетелден өзіңмен бірге алып келсең, оны қалай тіркеу керек?
Жеке тұлға ұялы телефонды сату мақсатында емес, өзі қолдану үшін шетелден алып келсе, мемлекеттік шекарадан өткені немесе тауарды алып келгені туралы құжатты да көрсетуі керек. Айта кетері, бүгінде заң бойынша шетелден бір айда екі телефоннан артық әкелуге болмайды. Сайтта ондай құрылғыларды алдын ала тексеріп алуға мүмкіндік болады.
10. Жаңа ережені не үшін енгізіп отыр?
Қазіргі кезде Қазақстанда шамамен 3,7 миллион қайталанған IMEI-коды бар құрылғы тіркелген. Мұндай мобильді құрылғылар нарығы ұялы телефондардың заңды айналымын бақылауды қиындатып отыр. Ал жаңа ережелер тіркеу жүйесін одан әрі жақсартып, алаяқтықпен күресуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және мобильді құрылғыларды пайдалану қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.