Қазақстандықтарды Армениядан алдаған трансұлттық қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуТрансұлттық қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Трансұлттық қылмыстық топ мүшелері ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2025
Жазылу
Арнайы операция барысында қылмыстық топтың 41 мүшесі ұсталды
АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. ҚР ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы күрес департаменті мен Арменияның тергеу комитетінің аса маңызды істерді тергеу жөніндегі бас басқармасының қызметкерлері бірлесе отырып алаяқтық байланыс орталығының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстандықтарды олжалы етуге уәде еткен қылмыстық топ Ереванда құрықталды. Олар байланыс құралдары арқылы жәбірленушілердің сеніміне кіріп, онлайн түрде алдап-арбаған.

"Қазақстан мен Еуропа елдері азаматтарын алдап келген трансұлттық қылмыстық топ мүшелері мен ұйымдастырушылары ұсталды. Интернет-алаяқтар жәбірленушілерге "ірі инвестициялық компанияларға" ақша салуды ұсынған. Тінту кезінде 70-тен астам компьютерлік техника, бір келіге жуық алтын, 5 автокөлік, 30 мың АҚШ доллары, Ресей рублі, грузин лариі және криптовалюта әмияны тәркіленді", - деді ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жандос Сүйінбай.

Арнайы операция барысында қылмыстық топтың 41 мүшесі ұсталды. Олар - Армения, Грузия, Иран, Сирия және Ливан елдерінің азаматтары.
Қазіргі уақытта армян тарапы ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Олар осы іске қатысы бар басқа да күдіктілерді анықтап, Қазақстан азаматтарына келтірілген шығын көлемін есептеуді қолға алды.
Сеть мошенников накрыла полиция в Восточно-Казахстанской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2025
Шығыс Қазақстан облысында интернет алаяқтары ұсталды
Жаңалықтар
0