Шығыс Қазақстан облысында интернет алаяқтары ұсталды

© Photo : Пресс-служба МВД РКСеть мошенников накрыла полиция в Восточно-Казахстанской области
Сеть мошенников накрыла полиция в Восточно-Казахстанской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері алаяқтар желісін жойды, деп хабарлады Polisia.kz.
Киберполиция ҰҚК және прокуратурамен бірлесіп, Өскемен қаласында үш мекенжайдан 489 sim-карта орнатылған 22 sim-box құрылғысын, 452 USB-интернет модемін, 13 компьютер, 4 роутер және бір ноутбук тәркіледі.
"Заңсыз іс-әрекет үшін қаланың үш тұрғыны ұсталды", - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Оған қоса, Қарағанды қаласында шетел азаматы ұсталып, одан 128 слоты бар sim-box құрылғысы, екі мыңға жуық sim-карта, екі Wi-fi роутері және сигнал күшейткіш тәркіленді. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
0