https://sputnik.kz/20250217/136-lauazymdy-tulga-zhauapqa-tartyldy---bas-prokuratura-50925796.html
136 лауазымды тұлға жауапқа тартылды - Бас прокуратура
136 лауазымды тұлға жауапқа тартылды - Бас прокуратура
Sputnik Қазақстан
Президентке берген есепке сәйкес, әлеуметтік-экономикалық салада 81 мың кәсіпкердің еңбек құқығын бұзуға жол берілмеген 17.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-17T13:56+0500
2025-02-17T13:56+0500
2025-02-17T13:56+0500
прокуратура
тексеру
https://sputnik.kz/img/07e9/02/11/50923843_76:0:1280:677_1920x0_80_0_0_fc50843200b25fa0201cdf1913ea5208.jpg
АСТАНА, 17 ақпан — Sputnik. Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Берік Асылов қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндады.Сонымен қатар, Бас прокурордың қарсылығы негізінде Жоғарғы сот 150 тұлғаға қатысты істің мән-жайын оң бағытқа өзгертіп, соның ішінде 10 адам толық ақталған.Асыловтың президентке берген есебіне сәйкес, әлеуметтік-экономикалық салада 81 мың кәсіпкердің, 979 мың зейнеткердің, халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтарының және басқа да азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілгенін хабарлады. 123 мың жұмысшының еңбек құқығын бұзуға жол берілмеген. Жалпы сомасы 4,5 миллиард теңге болатын алимент бойынша қарыз өндірілген."Былтыр мемлекет пайдасына 627 миллиард теңгеден асатын өтемақы қайтарылғаны жөнінде айтылды. Сонымен қатар экономикаға 12 триллион теңгеден астам қаржы құйған 800 инвесторға прокурорлық көмек берілді. Прокуратура актісі бойынша 136 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Прокурорлар инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың 712 шешіміне келісім бермеген", - деп хабарлады Ақорда.
https://sputnik.kz/20250203/bas-prokuratura-qarzhy-piramidasynyn-zhetekshisin-qyrgyzstannan-ekstraditsiyalady-50497751.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/11/50923843_236:0:1139:677_1920x0_80_0_0_db5b210e527eefe47f32d0e9c910703b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
прокуратура, тексеру
136 лауазымды тұлға жауапқа тартылды - Бас прокуратура
Президентке берген есепке сәйкес, әлеуметтік-экономикалық салада 81 мың кәсіпкердің еңбек құқығын бұзуға жол берілмеген
АСТАНА, 17 ақпан — Sputnik. Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлады
Ақорда.
Берік Асылов қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндады.
"Прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеу сатысында 32 мыңнан астам заңсыз шешімді тоқтатқан, бұл істер Қылмыстық-процестік кодекске сай келмейді. 4 мың азаматтың қылмыстық іске негізсіз тартылуына жол бермеген. Сонымен қатар заңсыз ұсталған 1,5 мыңнан аса адам босатылған", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, Бас прокурордың қарсылығы негізінде Жоғарғы сот 150 тұлғаға қатысты істің мән-жайын оң бағытқа өзгертіп, соның ішінде 10 адам толық ақталған.
Асыловтың президентке берген есебіне сәйкес, әлеуметтік-экономикалық салада 81 мың кәсіпкердің, 979 мың зейнеткердің, халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтарының және басқа да азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілгенін хабарлады. 123 мың жұмысшының еңбек құқығын бұзуға жол берілмеген. Жалпы сомасы 4,5 миллиард теңге болатын алимент бойынша қарыз өндірілген.
"Былтыр мемлекет пайдасына 627 миллиард теңгеден асатын өтемақы қайтарылғаны жөнінде айтылды. Сонымен қатар экономикаға 12 триллион теңгеден астам қаржы құйған 800 инвесторға прокурорлық көмек берілді. Прокуратура актісі бойынша 136 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Прокурорлар инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың 712 шешіміне келісім бермеген", - деп хабарлады Ақорда.