Елімізде табысы аз азаматтарға несие беру талаптары қатаңдайды

© Региональная служба коммуникаций Алматинской областиДеньги, калькулятор. Иллюстративное фото
Деньги, калькулятор. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2025
Жазылу
Қарызын қайтара алмайтындарға несие бермеу үшін азаматтардың төлем қабілеттілігін мұқият тексерілуі мүмкін
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкпен бірлесіп, халықтың шамадан тыс борыштық жүктемесін азайту мәселесі бойынша екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесу өткізді.
Табысы төмен азаматарға несие беру талаптары күшеймек.
"Банктер проблемалық тұтынушылық несиелерді қайта құрылымдау жұмыстарын жалғастыруы керек. Яғни, қарыз алушылар қарызды өтеу кезінде қиындықтарға тап болған жағдайда, олар несиелердің шарттарын қайта қарастырады. Ең алдымен қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетіледі", – делінген хабарламада.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерді қарызын қайтара алмайтындарға несие бермеу үшін азаматтардың төлем қабілеттілігін мұқият тексеруді міндеттеуді ұсынды.
Сондай-ақ қарызын мерзімінен кешіктірген қазақстандықтардың берешегін одан әрі арттыруға шектеу енгізгісі келетінін жеткізді.
Депутаты на заседании - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2024
Сенаторлар кредит беруге қатысты заңды мәжіліске қайтарды
Жаңалықтар
0