Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент встретился с эвакуированными жителями СКО
Президент встретился с эвакуированными жителями СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2025
Жазылу
"Қаратөбе-Қарақамыс" автожолында су ағынын жол үстімен өткізу бойынша іс-шаралар жүргізілуде
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
ТЖМ қызметкерлері әкімдікпен бірлесіп, Қалдығайты өзенінің суын жол төсемдерінің үстімен өткізе бастаған.
"Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында Қаратөбе ауылынан 2 шақырым жерде жергілікті маңызы бар "Қаратөбе-Қарақамыс" автожолында су ағынын жол үстімен өткізу бойынша іс-шаралар жүргізілуде", - делінген министрлік хабарламасында.
Министрліктің хабарлауынша, бұл шаралар жолдың шайылып кетуінің алдын алады, сондай-ақ елді мекендердің су астында қалуына жол бермейді.
Ведомство мәлім еткендей, бұл жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеген.
"Көлік қозғалысы тоқтаған жоқ, жол жүруге жарамды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Әкімдік кезекшілікті ұйымдастырып, жағдайды өз бақылауына алды", – деп хабарлайды министрлік.
Аким Западно-Казахстанской области Нариман Турегалиев ознакомился с ходом подготовки к паводковому периоду 2025 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2024
Батыс Қазақстан көктемгі су тасқынына дайындықты бастады
Жаңалықтар
0