Батыс Қазақстан көктемгі су тасқынына дайындықты бастады

© пресс-служба акимата ЗКОАким Западно-Казахстанской области Нариман Турегалиев ознакомился с ходом подготовки к паводковому периоду 2025 года
Аким Западно-Казахстанской области Нариман Турегалиев ознакомился с ходом подготовки к паводковому периоду 2025 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев 2025 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысымен танысты.
Облыс әкімі Орал қаласының аумағындағы су басу қауіпі бар аумақтарды аралап, салынып жатқан бөгет құрылыстары мен және қауіпті өзен аумақтарын нығайту жұмыстарын көрді.
Бұдан бөлек, Нариман Төреғалиев Сырым, Қаратөбе, Бәйтерек аудандарында да болып, көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық шараларын бақылады.
“Көктемге барынша дайын болу керекпіз. Су тасқынының алдын алу шараларын сапалы жүргізуіміз маңызды. Қала, аудан әкімдері мен тиісті басқармалар мен мекемелер осы жұмыстарды уақытылы өткізуін тапсырамын” - деді облыс әкімі.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу бойынша арнайы Жол картасы бекітіліп, оның аясында 23 іс-шара жоспарланған. Бұдан бөлек, көктемге дайындық жұмыстары күздің алғашқы айынан басталғанын атап өтеміз.
Деньги, тенге, купюры, банкноты   - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2024
Су тасқыны кезінде халықтан ақша жинаған қайырымдылық қорының басшысы ұсталды
Жаңалықтар
0