Әскери музыканттар Жеңіс күніне арнап концерт қойды
10:28 16.02.2025 (жаңартылды: 11:17 16.02.2025)
© Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіӘскери музыканттар Жеңіс күніне арнап концерт қойды

© Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Жазылу
Концерт "Азия парк" сауда ойын-сауық орталығында ұйымдастырылды
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы "Азия парк" сауда ойын-сауық орталығында концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаТворческий коллектив Национального военно-патриотического центра Вооруженных сил Казахстана выступил с концертом в торгово-развлекательном центре "Азия парк"

Творческий коллектив Национального военно-патриотического центра Вооруженных сил Казахстана выступил с концертом в торгово-развлекательном центре "Азия парк"
© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана
Әскери қызметшілер оны Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арнады.
"Біз осы шара арқылы отандастарымызға аға буынның ерлігі туралы және сұрапыл соғыста оларға рух беріп, барлық қиындыққа төтеп беруге ынтымақтың көмектескенін еске салғымыз келеді. Бұны біз көрермендерге өнер арқылы жеткізуге тырыстық", – деп түсіндірді Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығының орынбасары аға лейтенант Азамат Ақтасов.
© Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіӘскери музыканттар Жеңіс күніне арнап концерт қойды

Әскери музыканттар Жеңіс күніне арнап концерт қойды
© Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Орталық ансамбльдің солистері мен вокалдық топтарының орындауында "Әлия", "Журавли", "Тучи в голубом", "Ехал я из Берлина", "Кестелі орамал" және "Сауыт", "Қайсар армия", "Қорғанысым тірегім", "Жаса қазағым" сынды патриоттық әндері орындалды. Тіпті әскерилер "Сарбаздар биін" де билеп, келушілердің көңілін көтерді.
© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаТворческий коллектив Национального военно-патриотического центра Вооруженных сил Казахстана выступил с концертом в торгово-развлекательном центре "Азия парк"

Творческий коллектив Национального военно-патриотического центра Вооруженных сил Казахстана выступил с концертом в торгово-развлекательном центре "Азия парк"
© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана
Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери оркестрінің дирижері капитан Нұрлан Қошқаровтың басқаруымен танымал классикалық және заманауи әуендер қойылымын халық қуана қабылдады. Оркестрлердің дефилесі көрермендерді ерекше таң қалдырды.
© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаТворческий коллектив Национального военно-патриотического центра Вооруженных сил Казахстана выступил с концертом в торгово-развлекательном центре "Азия парк"

Творческий коллектив Национального военно-патриотического центра Вооруженных сил Казахстана выступил с концертом в торгово-развлекательном центре "Азия парк"
© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана
"Сауда орталығында әскери музыканттардың келіп, концерт қоюы бізді таң қалдырды және қуантты. Көңіл-күйімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Керемет орындау, сымбатты әскери киім – осының бәрі рухымызды көтеріп, Отан қорғаушыларымыз үшін мақтаныш сезімін тудырады", – деп астаналық Алуа Қажанова өз ойымен бөлісті.
Көрермендер де орындаушыларға шын жүректен алғысын жаудырып, қошемет көрсетіп, ізгі тілектерін айтып жатты.