https://sputnik.kz/20250204/qazaqstandyq-oqushylar-maskeudegi-zhenis-sheruine-bara-alady-50543925.html
Қазақстандық оқушылар Мәскеудегі Жеңіс шеруіне бара алады
Қазақстандық оқушылар Мәскеудегі Жеңіс шеруіне бара алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Қазақстандық оқушылар 9 мамырда Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне бара алады. Бұл туралы 1941-1945 жылдардың Ұлы Отан соғысындағы... 04.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-04T16:25+0500
2025-02-04T16:25+0500
2025-02-04T16:25+0500
ұлы жеңістің 80 жылдығы
9 мамыр – жеңіс күні
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/1b/48830884_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_35e1e3d7efd60ee492b3473c8e783867.jpg
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Қазақстандық оқушылар 9 мамырда Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне бара алады. Бұл туралы 1941-1945 жылдардың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын ұйымдастыру комитеті хабарлады.Жеңіс шеруіне бару үшін "Ұлы Жеңіс" тақырыбындағы Бүкіләлемдік оқушылар олимпиадасында жеңіске жету керек. Оған 10-18 жастағы кез келген адам қатыса алады.Олимпиада тапсырмаларына эрудиция мен тарихты білуге арналған сұрақтар кіреді. Оған орыс және ағылшын тілдерінде жауап беруге болады. Соның арқасында олимпиадаға қатысатын елдердің ауқымы кеңейіп отыр.Сондай-ақ, олимпиада қатысушылары арнайы шығармашылық конкурсқа қатыса алады. Байқаудың екі аталымы бар. Олар:"Ұлы Жеңіс" тақырыбындағы Бүкіләлемдік оқушылар олимпиадасының офлайн-турының барлық жеңімпаздары 9 мамырда Қызыл алаңда өтетін Жеңіс шеруіне қатыса алады. Сондай-ақ, олимпиадада жеңіске жеткендерге естелік сыйлықтар табысталады.Олимипиадаға қатысу үшін сайтқа өтінім беру керек. Бұдан бөлек, Android пен Apple үшін арнайы қосымшаларды жүктеп алуға болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/1b/48830884_340:0:3071:2048_1920x0_80_0_0_e91cbe21ec02f268b57f0ed3721f3740.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
9 мамыр – жеңіс күні
Қазақстандық оқушылар Мәскеудегі Жеңіс шеруіне бара алады
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Қазақстандық оқушылар 9 мамырда Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне бара алады. Бұл туралы 1941-1945 жылдардың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын
ұйымдастыру комитеті хабарлады.
Жеңіс шеруіне бару үшін "Ұлы Жеңіс" тақырыбындағы Бүкіләлемдік оқушылар олимпиадасында жеңіске жету керек. Оған 10-18 жастағы кез келген адам қатыса алады.
Олимпиада тапсырмаларына эрудиция мен тарихты білуге арналған сұрақтар кіреді. Оған орыс және ағылшын тілдерінде жауап беруге болады. Соның арқасында олимпиадаға қатысатын елдердің ауқымы кеңейіп отыр.
Сондай-ақ, олимпиада қатысушылары арнайы шығармашылық конкурсқа қатыса алады. Байқаудың екі аталымы бар. Олар:
"Жеңіс суреті" шығармашылық жобасы. Оған қатысушы өз отбасының қаһармандарының суретін салып жіберуі керек.
"Жас қолбасшы" шығармашылық жұмысы. Оған қатысатындар Ұлы Отан соғысының ұлы қолбасшысы туралы шығармашылық жұмыс жазуы керек.
"Ұлы Жеңіс" тақырыбындағы Бүкіләлемдік оқушылар олимпиадасының офлайн-турының барлық жеңімпаздары 9 мамырда Қызыл алаңда өтетін Жеңіс шеруіне қатыса алады. Сондай-ақ, олимпиадада жеңіске жеткендерге естелік сыйлықтар табысталады.
Олимипиадаға қатысу үшін
сайтқа өтінім беру керек. Бұдан бөлек,
Android пен
Apple үшін арнайы қосымшаларды жүктеп алуға болады.