Орал тұрғыны ән тыңдаған көршісін соққыға жыққан

© Sputnik / Тимур БатыршинЗорлық-зомбылық, иллюстративті фото
Зорлық-зомбылық, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2025
Жазылу
Ер адам көрші үйдің кірер есігін бұзған
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Орал тұрғыны музыка жоғары дыбыста тыңдаған көршісін соққыға жықты, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Оқиға 2024 жылдың 2 желтоқсанында сағат 18:00 шамасында болған.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Орал қаласының тұрғыны өз пәтерінде музыканың дауысын қатты шығарып тыңдаған. Бұл оның көршісіне ұнамай, ол оны тыныштандырмақ болып, есігін қаққан.
"Бірақ әйел адам есікті ашпаған. Ашуға булыққан көршісі сыртқы есіктің терезесін сындырып, пәтерге кіріп, көршісін тауып алып, оның басы мен денесінен бірнеше рет ұрған. Содан кейін ол әйелді ұстап тұрып басын қабырғаға соғып, пәтерден шығып кеткен", - деп жазылған хабарламада.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, ісіне өкінді. Жәбірленуші сотталушыға ерекше талап қоюды сұрап, жазалау шарасын соттың қарауына қалдырды.
Сот ер адамды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109-бабы "Соққыға жығу" бойынша кінәлі деп танып, 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту туралы шешім шығарды.
Соттың үкімі заңды күшіне енді.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2024
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам сотталды
Жаңалықтар
0