https://sputnik.kz/20240823/qaragandyda-zhedel-zhardem-zhurgizushisin-soqqyga-zhyqqan-er-adam-sottaldy-46556722.html
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам сотталды
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам сотталды
Sputnik Қазақстан
Прокурор мен жәбірленушінің өкілі 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны кесуді сұраған 23.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-23T20:07+0500
2024-08-23T20:07+0500
2024-08-23T20:07+0500
жедел жәрдем
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Жоғарғы сот хабарлады.Сотталушының кінәсі комиссиялық сот-медициналық сараптама қорытындысымен, куәлардың айғақтарымен және оқиғаның бейнежазбасымен дәлелденген.Қорғаушы тарап бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.Жаза кесу кезінде сот сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мынадай мән-жайларды қарастырған:Қызметтiк, кәсiптік борышты орындау кезінде осы адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танылды.Талап қою талаптары ішінара қанағаттандырылды, 2 млн теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу сомасы, жәбірленушінің еміне жұмсалған материалдық залал 12 160 теңге мөлшерінде, сондай-ақ өкілдің қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығыстар 700 мың теңге мөлшерінде өндірілді.Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20240307/qaragandyda-tayaq-zhegen-zhedel-zhardem-zhurgizushisi-5-mln-tenge-otemaqy-talap-etti-42744234.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жедел жәрдем
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам сотталды
Прокурор мен жәбірленушінің өкілі 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны кесуді сұраған
АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Жоғарғы сот хабарлады.
Сотталушының кінәсі комиссиялық сот-медициналық сараптама қорытындысымен, куәлардың айғақтарымен және оқиғаның бейнежазбасымен дәлелденген.
"Прокурор мен жәбірленушінің өкілі 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны кесуді, 12 160 теңге материалдық залал және 5 000 000 теңге моральдық зиянды өтеуді сұраған", - деп жазылған хабарламада.
Қорғаушы тарап бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
Жаза кесу кезінде сот сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мынадай мән-жайларды қарастырған:
жасаған ісіне шын жүрекпен өкінуі;
Қызметтiк, кәсiптік борышты орындау кезінде осы адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танылды.
"Сот үкімімен Д., ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігінің 5) тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кесілді", - деп хабарлады сот.
Талап қою талаптары ішінара қанағаттандырылды, 2 млн теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу сомасы, жәбірленушінің еміне жұмсалған материалдық залал 12 160 теңге мөлшерінде, сондай-ақ өкілдің қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығыстар 700 мың теңге мөлшерінде өндірілді.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.