https://sputnik.kz/20240307/qaragandyda-tayaq-zhegen-zhedel-zhardem-zhurgizushisi-5-mln-tenge-otemaqy-talap-etti-42744234.html
Қарағандыда таяқ жеген жедел жәрдем жүргізушісі 5 млн теңге өтемақы талап етті
Қарағандыда таяқ жеген жедел жәрдем жүргізушісі 5 млн теңге өтемақы талап етті
Sputnik Қазақстан
Соққы өте ауыр болған, оның мұрнына екінші рет ота жасалады, дейді жәбірленушінің адвокаты 07.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-07T08:24+0500
2024-03-07T08:24+0500
2024-03-07T08:24+0500
жедел жәрдем
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0e/30321729_0:497:2047:1648_1920x0_80_0_0_4a3a65be15acb03dc62b7c1889fbb606.jpg
АСТАНА, 7 наурыз – Spunik Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сот басталды. Іс бұзақылық бабы бойынша қаралып жатыр.Зардап шеккен азамат моральдық және материалдық шығынды өтеуге 5 миллион талап етіп азаматтық арыз түсірген, деп хабарлады КТК.Оқиға қаңтар айының аяғында болды. 36 жастағы Нұрболат Дәкебаев жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты. Шақыртуға келген бригаданың көлігі подъездің алдын көлегейлеп, жүргіншілер жолын жауып тастаған.Ескерту жасамақ болған жүргізуші қөліктен шығып, күдіктімен дауласқан көрінеді. Ақыры таяқ жеп жатқанын фельдшер тастапаға түсіріп алыпты. Аталған видео желіге тараған соң, күдікті бой тасалаған.Бірнеше күннен кейін қыстақтан ұсталған соң, жүргізуші оны кешіретінін мәлімдеген. Күдікті тергеу мен сот кезінде тергеу абақтысында болады. Сотта бетперде тағып, өзін еркін ұстап отырды. Ал зардап шеккен жүргізуші алған жарақаттары ауыр екенін растау үшін қосымша сараптама жүргізуді сұрап отыр.Сонымен қатар моральдық және материалдық шығын ретінде 5 миллион теңге талап етіп, адвокат та жалдаған."Бейнежазбада Нұрболатты адам ретінде кешірдім деді. Ал денсаулығына келген залалды өтеу – бөлек әңгіме. Оның мұрнына екінші рет ота жасалады. Яғни соққы өте ауыр болған", - дейді адвокат Бағдат Хасенов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0e/30321729_0:305:2047:1840_1920x0_80_0_0_2da3a1add5d1d8ee7cadc6c2ea129b0e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жедел жәрдем
Қарағандыда таяқ жеген жедел жәрдем жүргізушісі 5 млн теңге өтемақы талап етті
Соққы өте ауыр болған, оның мұрнына екінші рет ота жасалады, дейді жәбірленушінің адвокаты
АСТАНА, 7 наурыз – Spunik Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сот басталды. Іс бұзақылық бабы бойынша қаралып жатыр.
Зардап шеккен азамат моральдық және материалдық шығынды өтеуге 5 миллион талап етіп азаматтық арыз түсірген, деп хабарлады
КТК.Оқиға қаңтар айының аяғында болды. 36 жастағы Нұрболат Дәкебаев жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты. Шақыртуға келген бригаданың көлігі подъездің алдын көлегейлеп, жүргіншілер жолын жауып тастаған.
Ескерту жасамақ болған жүргізуші қөліктен шығып, күдіктімен дауласқан көрінеді. Ақыры таяқ жеп жатқанын фельдшер тастапаға түсіріп алыпты. Аталған видео желіге тараған соң, күдікті бой тасалаған.
Бірнеше күннен кейін қыстақтан ұсталған соң, жүргізуші оны кешіретінін мәлімдеген. Күдікті тергеу мен сот кезінде тергеу абақтысында болады. Сотта бетперде тағып, өзін еркін ұстап отырды. Ал зардап шеккен жүргізуші алған жарақаттары ауыр екенін растау үшін қосымша сараптама жүргізуді сұрап отыр.
Сонымен қатар моральдық және материалдық шығын ретінде 5 миллион теңге талап етіп, адвокат та жалдаған.
"Бейнежазбада Нұрболатты адам ретінде кешірдім деді. Ал денсаулығына келген залалды өтеу – бөлек әңгіме. Оның мұрнына екінші рет ота жасалады. Яғни соққы өте ауыр болған", - дейді адвокат Бағдат Хасенов.