Каспий қызыл түске боялды: экологтар не дейді

© Sputnik / Ксения ВоронинаАқтаудағы жағалау көрінісі
Ақтаудағы жағалау көрінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2025
Жазылу
Экологтар қызыл түске боялған теңізден алынған су сынамаларының нәтижелерін хабарлады
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Экология департаменті Ақтаудағы Каспий теңізінің жағалауындағы судың қызыл түске боялғанынан кейін жиналған су сынамаларының зертханалық зерттеу нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлады lada.kz.
"Балдырлар суға қою қоңыр, қызыл түс береді. Бұл жерде қар жауып, құбылыс айқынырақ көрініп тұр. Балдырлар таяз суда, әсіресе біздің жағалауда өседі. Сондықтан балдырлар шоғырланған жерде су қызыл түсті болады. Әрине, бұл табиғат құбылысы туралы білгенімізбен, судың сынамасын алып тексеруге міндеттіміз. Талдау нәтижесі қалыпты", - дейді Маңғыстау облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Қайсар Нәдірбек.
Бұған дейін аймақтағы экологтар диатомды балдырлар суға қызыл реңк беретінін хабарлаған. Олар балық үшін зиянсыз және қауіпсіз. Бұл табиғи процесс.
Каспий теңізі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2025
Каспий қызыл түске боялды
Жаңалықтар
0