Каспий қызыл түске боялды

© Sputnik / Ксения ВоронинаКаспий теңізі, архивтегі фото
Каспий теңізі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2025
Жазылу
Теңіз суының құрамында химиялық заттар мен мұнай өнімдерінің бар-жоғы анықталып жатыр
АЛМАТЫ, 13 ақпан – Sputnik. Каспий теңізі қызыл түске боялды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Теңіздің суреті әлеуметтік желіде таралды. Жағалаудың ерекше көрінісі аймақ тұрғындары мен қонақтарын бей-жай қалдырмады. Тіпті кейбірінің көңіліне күдік ұялатқан. Алайда бұл құбылыс жыл сайын болады.
"Маңғыстау облысының экологтары 12 ақпанда Каспий теңізінің қызыл түске боялуына байланысты теңіз суынан сынама алды. Зерттеу аясында теңіз суының құрамында химиялық заттар мен мұнай өнімдерінің бар-жоғына талдау жасалады. Нәтиже қосымша хабарланады. Айта кетері, мұндай кадрлар жыл сайын әлеуметтік желілерде таралады", - деп хабарлады экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Бұған дейін аймақ экологтары диатомдар суға қызыл реңк беретінін айтқан болатн. Олар зиянсыз және балықтар үшін қауіпсіз. Бұл табиғи процесс. Мұндай жағдайлар 2020 жылдың ақпан айында Приморский кентінің жағалауында, 2017 жылы – 9А шағын ауданының жағалауында, 2018 жылы "Шағала" қонақ үйінен "Нұр плаза" жағажайына дейінгі 1-шағын ауданның жағасында байқалған.
Жаңалықтар
0