Елордада ер адамнан аса ірі көлемде гашиш майы тәркіленді

© Photo : ДП СКОТәркіленген гашиш
Тәркіленген гашиш - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2025
Жазылу
"Күдіктінің айтуы бойынша есірткіні таратуға арналған мекенжайлар да тексерілді
АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Жедел-іздестіру шаралары барысында қала аумағында есірткі таратумен айналысқан 36 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жеке тексеру кезінде ер адамның күртешесінің қалтасынан 300 мың теңгеге жуық ақша табылды. Кейін үйінде, ас үйдегі шкафтан 937 мл көлеміндегі сұйық ашық-қоңыр түсті зат құйылған пластикалық бөтелке, майды құюға арналған 400пластикалық ампула және ішіне сұр-жасыл түсті зат салынған қағаз түйіншек табылды және тәркіленді. Алдын ала болжам бойынша тәркіленген зат — гашиш.
"Күдіктінің айтуы бойынша есірткіні таратуға арналған мекенжайлар да тексерілді. Нәтижесінде бірнеше орыннан әрқайсысында 4 ампула бар 2 түйіншек анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Сараптама қорытындысына сәйкес, бөтелке мен ампулалардағы зат “каннабис шайыры” есірткісі болып шықты. Осылайша, заңсыз айналымнан шамамен 1 литр гашиш майы тәркіленді.
Тергеу барысында ер адамға Telegram арқылы есірткі тасымалдаушы ретінде жұмыс істеу ұсынылғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Туфля на высоком каблуке и наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2025
Өскеменде полиция бөліміне жарылғыш зат "қойған" әйел ұсталды
Жаңалықтар
0