https://sputnik.kz/20250215/1-mlrd-tengeni-talan-tarazh-etken-lombard-basshysy-ustaldy-50886188.html
1 млрд теңгені талан-тараж еткен ломбард басшысы ұсталды
1 млрд теңгені талан-тараж еткен ломбард басшысы ұсталды
Sputnik Қазақстан
Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды 15.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-15T10:32+0500
2025-02-15T10:32+0500
2025-02-15T10:32+0500
полиция
күдікті
https://sputnik.kz/img/785/24/7852486_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_827a6cd72a71f2730a25c0930ca7f082.jpg
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі қоғамда "Заң және Тәртіп" қағидатын нығайтуға, оның ішінде әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Polisia.kz.Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады. 2023 жылдың қараша айында кәсіпкерлік қызметтің атын жамылған қаскүнем жәбірленушіге тендерге қатысса, жақсы пайда табатынын уәде етіп, 76 млн теңгеден астам қаражат пен Lexus 570 автокөлігін иемденіп алған.Сонымен қатар, Маңғыстау облысының "Бейнеу" теміржол станциясында көрші мемлекеттің азаматы ұсталды. Ол ұрлық жасағаны үшін полициямен іздеуде жүрген. Өткен жылы ер адам Атырауда топпен бірге базар қоймасынан 19 млн теңгеге тауар ұрлап кеткен."Қарағандыда мемлекетаралық іздеуде жүрген адам ұсталды. Ол басқа біреудің мүлкін иемденіп, талан-таражға салды деп күдікке ілінген. Қаскөй Шымкенттегі ломбардтардың бірінің филиалының директоры бола тұра, өз сыбайластарымен бірге ЖШС-ға тиесілі 1 млрд теңге қаражатты иемденіп, талан-таражға салған", - деп жазылған хабарламада.Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
https://sputnik.kz/20250212/almatyda-ayeldin-mayiti-tabyldy-50794259.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/24/7852486_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_b09d68394500a6f12119e84492506b6f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, күдікті
1 млрд теңгені талан-тараж еткен ломбард басшысы ұсталды
Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі қоғамда "Заң және Тәртіп" қағидатын нығайтуға, оның ішінде әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады. 2023 жылдың қараша айында кәсіпкерлік қызметтің атын жамылған қаскүнем жәбірленушіге тендерге қатысса, жақсы пайда табатынын уәде етіп, 76 млн теңгеден астам қаражат пен Lexus 570 автокөлігін иемденіп алған.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысының "Бейнеу" теміржол станциясында көрші мемлекеттің азаматы ұсталды. Ол ұрлық жасағаны үшін полициямен іздеуде жүрген. Өткен жылы ер адам Атырауда топпен бірге базар қоймасынан 19 млн теңгеге тауар ұрлап кеткен.
"Қарағандыда мемлекетаралық іздеуде жүрген адам ұсталды. Ол басқа біреудің мүлкін иемденіп, талан-таражға салды деп күдікке ілінген. Қаскөй Шымкенттегі ломбардтардың бірінің филиалының директоры бола тұра, өз сыбайластарымен бірге ЖШС-ға тиесілі 1 млрд теңге қаражатты иемденіп, талан-таражға салған", - деп жазылған хабарламада.
Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.