https://sputnik.kz/20250214/qarasora-osirgeni-ushin-turmege-zhabylgan-er-adam-aqtaldy-50860736.html
Қарасора өсіргені үшін түрмеге жабылған ер адам ақталды
Қарасора өсіргені үшін түрмеге жабылған ер адам ақталды
Sputnik Қазақстан
Сот тағылған айыптың шегінен шығып, күдіктінің әрекетін "егу және өсіру" деп қарастырды 14.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-14T11:09+0500
2025-02-14T11:09+0500
2025-02-14T11:17+0500
түрме
сот
https://sputnik.kz/img/126/87/1268746_0:0:2866:1612_1920x0_80_0_0_3d43dbbf4ca07c8dd63255333ac35575.jpg
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Жоғарғы сот бас прокурордың наразылығынан кейін қарасора өсіргені үшін сотталған ер адамды ақтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас прокуратураның ресми хабарламасына сілтеме жасап.Бұған дейін ер адам Жамбыл аудандық соттың үкімімен қарасора сорттарын заңсыз өсіргені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сол кезде оның әрекеті есірткі заттары бар өсімдіктерді ірі көлемде қасақана заңсыз егу және өсіру деп бағаланған. Бірақ прокурорлар ер адамды тек заңсыз өсімдіктерді культивациялағаны үшін айыптаған. Ал сот тағылған айыптың шегінен шығып, оның әрекетін "егу және өсіру" деп қарастырды. Сол үшін төрт жылға түрмеге тоғытты.Бас прокурор бұған дейінгі айыппен де, соттың үкімімен де келіспей, жоғарғы сотқа наразылық енгізді. Себебі культивация – ол есірткі заттары бар өсімдіктерді тиісті рұқсатсыз және бақылаусыз селекциялау. Ал ер адам қарасора тұқымдарының сорттарын жақсартумен немесе өсімдіктерге әсер ету әдістерін жасаумен айналыспаған. Ол тек тұқым отырғызып, өсімдіктерді суарып тұрған. Ондай әрекет культивацияға жатпайды. Сондықтан оның әрекеттерінен қылмыстық құқық бұзушылық құрамы табылған жоқ.Жоғарғы сот бас прокурордың кассациялық наразылығын қарап, ер адамды ақтады.Айта кетері, былтыр бас прокурордың кассациялық наразылықтары бойынша 10 адам ақталды. Бұдан бөлек, 100 сотталған адамның жазасы жеңілдетіліп, түзеу мекемелеріндегі жағдайлары жақсартылды.
https://sputnik.kz/20250213/alimentke-qatysty-zanga-ozgeris-engizu-kerek--sot-oryndaushy-50844607.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/126/87/1268746_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_b2e1d95cc74f046970b3628fbb7ea427.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түрме, сот
Қарасора өсіргені үшін түрмеге жабылған ер адам ақталды
11:09 14.02.2025 (жаңартылды: 11:17 14.02.2025) Сот тағылған айыптың шегінен шығып, күдіктінің әрекетін "егу және өсіру" деп қарастырды
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Жоғарғы сот бас прокурордың наразылығынан кейін қарасора өсіргені үшін сотталған ер адамды ақтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас прокуратураның
ресми хабарламасына сілтеме жасап.
Бұған дейін ер адам Жамбыл аудандық соттың үкімімен қарасора сорттарын заңсыз өсіргені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сол кезде оның әрекеті есірткі заттары бар өсімдіктерді ірі көлемде қасақана заңсыз егу және өсіру деп бағаланған. Бірақ прокурорлар ер адамды тек заңсыз өсімдіктерді культивациялағаны үшін айыптаған. Ал сот тағылған айыптың шегінен шығып, оның әрекетін "егу және өсіру" деп қарастырды. Сол үшін төрт жылға түрмеге тоғытты.
Бас прокурор бұған дейінгі айыппен де, соттың үкімімен де келіспей, жоғарғы сотқа наразылық енгізді. Себебі культивация – ол есірткі заттары бар өсімдіктерді тиісті рұқсатсыз және бақылаусыз селекциялау. Ал ер адам қарасора тұқымдарының сорттарын жақсартумен немесе өсімдіктерге әсер ету әдістерін жасаумен айналыспаған. Ол тек тұқым отырғызып, өсімдіктерді суарып тұрған. Ондай әрекет культивацияға жатпайды. Сондықтан оның әрекеттерінен қылмыстық құқық бұзушылық құрамы табылған жоқ.
Жоғарғы сот бас прокурордың кассациялық наразылығын қарап, ер адамды ақтады.
Айта кетері, былтыр бас прокурордың кассациялық наразылықтары бойынша 10 адам ақталды. Бұдан бөлек, 100 сотталған адамның жазасы жеңілдетіліп, түзеу мекемелеріндегі жағдайлары жақсартылды.