https://sputnik.kz/20250213/alimentke-qatysty-zanga-ozgeris-engizu-kerek--sot-oryndaushy-50844607.html
Алиментке қатысты заңға өзгеріс енгізу керек – сот орындаушы
Алиментке қатысты заңға өзгеріс енгізу керек – сот орындаушы
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 13 ақпан – Sputnik. Алимент – әйелдің ғана емес, қоғамның да проблемасы. Алиментті борышкердің жалақысынан басқа табыс көздерінен өндіру қиын. Сол... 13.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-13T17:08+0500
2025-02-13T17:08+0500
2025-02-13T20:17+0500
алимент
https://sputnik.kz/img/781/95/7819525_0:0:4000:2251_1920x0_80_0_0_51cb5dd60cf0adc02cbc9b18f90f7a30.jpg
АЛМАТЫ, 13 ақпан – Sputnik. Алимент – әйелдің ғана емес, қоғамның да проблемасы. Алиментті борышкердің жалақысынан басқа табыс көздерінен өндіру қиын. Сол себепті алимент туралы заңға өзгеріс енгізу керек, дейді сот орындаушылар. Уәкілетті органның уәжін Sputnik Қазақстан тілшісі тыңдады.Астана қаласы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы басшысының орынбасары Айбын Өтегеновтың айтуынша, қосымша табыс көзі дегенді заңнан алып тастап, алиментті мемлекеттік күнкөріс деңгейі шегінде бекіту керек.Ол алиментке тұрақты соманы бекіту керек деп санайды."Бір балаға 20 АЕК, 30 АЕК деген сияқты, ер адам аз тапса да, көп тапса да осы соманы төлеу керек, болды. Сол кезде ол табыс таба ма, жоқ па ешкімнің шаруасы болмайды. Бізде мынадай жағдай көп, 85 мың жалақыны көрсеткендер 20 мың төлейді, ал айына 2 млн табыс табатын ер адамдар 500 мың теңге алимент төлеуге мәжбүр. Қысқасы жұмыссыз жүрген әке 20 мыңмен құтылады, ал кәсібі барлар 500 мыңнан төлейді, әділдік болу керек қой", - дейді Өтегенов."Алиментке тұрақты соманы бекітетін болсақ, ол кезде әйел де ажыраспай тұрып ойланушы еді. Күйеуі кәсіпкер әйелдердің көпшілігі ажырасам, бизнестің жартысын аламын деп дауласумен болады", - деп толықтырды ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/781/95/7819525_313:0:3774:2596_1920x0_80_0_0_7d86776e6e96bc3c9abe05311cf2e794.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алимент
АЛМАТЫ, 13 ақпан – Sputnik. Алимент – әйелдің ғана емес, қоғамның да проблемасы. Алиментті борышкердің жалақысынан басқа табыс көздерінен өндіру қиын. Сол себепті алимент туралы заңға өзгеріс енгізу керек, дейді сот орындаушылар. Уәкілетті органның уәжін Sputnik Қазақстан тілшісі тыңдады.
Астана қаласы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы басшысының орынбасары Айбын Өтегеновтың айтуынша, қосымша табыс көзі дегенді заңнан алып тастап, алиментті мемлекеттік күнкөріс деңгейі шегінде бекіту керек.
"Өйткені табысының төрттен бірін беру керек дегенді естіген еркек табанын жалтыратады. Ақыры қулыққа көшіп, өзінің қанша ақша табатынын жасырады, жалақысын өтірік 85 мың теңге етіп көрсетеді. Содан бизнесте жүрген еркектердің ажырасқан әйелдері қосымша табыс көзінен алимент алу үшін күйеуінің бизнесін тексеріп, әбден мезі етеді. Мұндай тәжірибелер өте көп", - дейді Айбын Өтегенов.
Ол алиментке тұрақты соманы бекіту керек деп санайды.
"Бір балаға 20 АЕК, 30 АЕК деген сияқты, ер адам аз тапса да, көп тапса да осы соманы төлеу керек, болды. Сол кезде ол табыс таба ма, жоқ па ешкімнің шаруасы болмайды. Бізде мынадай жағдай көп, 85 мың жалақыны көрсеткендер 20 мың төлейді, ал айына 2 млн табыс табатын ер адамдар 500 мың теңге алимент төлеуге мәжбүр. Қысқасы жұмыссыз жүрген әке 20 мыңмен құтылады, ал кәсібі барлар 500 мыңнан төлейді, әділдік болу керек қой", - дейді Өтегенов.
"Алиментке тұрақты соманы бекітетін болсақ, ол кезде әйел де ажыраспай тұрып ойланушы еді. Күйеуі кәсіпкер әйелдердің көпшілігі ажырасам, бизнестің жартысын аламын деп дауласумен болады", - деп толықтырды ол.