https://sputnik.kz/20250213/turkistanda-qolonershilerdin-shygyny-qalay-oteledi-50834522.html
Түркістанда қолөнершілердің шығыны қалай өтеледі
Түркістанда қолөнершілердің шығыны қалай өтеледі
Sputnik Қазақстан
Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасеновтың айтуынша, қолөнершілердің шығындары 25 процентке дейін өтеледі 13.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-13T12:39+0500
2025-02-13T12:39+0500
2025-02-13T12:42+0500
түркістан
қолөнер шебері
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0f/32130957_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_1bac879eb1ed32c15e9d1dd07833a2f1.jpg
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Бүгін сенат Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заңды мақұлдады. Соның аясында ұлттық қолөнер бұйымдарын жасайтын кәсіпкердің шығындарын өтеу жоспарланған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, бүгінде қалада кем дегенде 30 қолөнерші бар. Ал олардың шығындарын жыл сайын өтеу үшін шамамен 88,5 млн теңге қажет болады.Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасеновтың айтуынша, қолөнершілердің шығындары 25 процентке дейін өтеледі.Айта кетері, заң бойынша қаланың дизайн-коды, қала құрылысы регламенті, өңірлік нышанды пайдалану тәртібі де бекітілуі шарт. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтау және оның айналасындағы аумаққа құрылыс салуға жол бермеу мақсатында кесененің қорғау аймағының шекарасынан бір жүз метр қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын және ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерімен үйлеспейтін объектілер салуға жол берілмейді. Ол үшін әкімдіктің өкілеттілігі күшейтіледі.
https://sputnik.kz/20250120/ozbek-kompaniyasy-turkistan-oblysynda-birneshe-kasiporyn-ashady-50117345.html
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0f/32130957_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_55e83bcc22d82cd1b505f949d964f0a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан, қолөнер шебері
түркістан, қолөнер шебері
Түркістанда қолөнершілердің шығыны қалай өтеледі
12:39 13.02.2025 (жаңартылды: 12:42 13.02.2025) Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасеновтың айтуынша, қолөнершілердің шығындары 25 процентке дейін өтеледі
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Бүгін сенат Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заңды мақұлдады. Соның аясында ұлттық қолөнер бұйымдарын жасайтын кәсіпкердің шығындарын өтеу жоспарланған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, бүгінде қалада кем дегенде 30 қолөнерші бар. Ал олардың шығындарын жыл сайын өтеу үшін шамамен 88,5 млн теңге қажет болады.
Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасеновтың айтуынша, қолөнершілердің шығындары 25 процентке дейін өтеледі.
"Жыл сайын наурыздың 1-іне дейін өтініш берілуі керек. Соның бәрі жергілікті жерде қаралады. Ал бектілгеннен кейін қолөнершілердің қалтасынан шыққан шығындардың бір бөлігі өтеледі. Бұл жергілікті қолөнерді қолдауға арналған мықты шара болады",- деді Қасенов сенатта өткен брифингте.
Айта кетері, заң бойынша қаланың дизайн-коды, қала құрылысы регламенті, өңірлік нышанды пайдалану тәртібі де бекітілуі шарт. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтау және оның айналасындағы аумаққа құрылыс салуға жол бермеу мақсатында кесененің қорғау аймағының шекарасынан бір жүз метр қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын және ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерімен үйлеспейтін объектілер салуға жол берілмейді. Ол үшін
әкімдіктің өкілеттілігі күшейтіледі.