Түркістанға қатысты заң президентке жіберілді

© Sputnik/Ертай СарбасовВиды города Туркестан
Виды города Туркестан - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2025
Жазылу
Осы мақсатта жыл сайын 88,5 млн теңге бөлінеді
АСТАНА, 13 ақпан– Sputnik. Сенат депутаттары Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заңда тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану шаралары қарастырылған. Сондай-ақ, қаланың дизайн-коды, қала құрылысы регламенті, өңірлік нышанды пайдалану тәртібі бекітілуі шарт. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтау және оның айналасындағы аумаққа құрылыс салуға жол бермеу мақсатында кесененің қорғау аймағының шекарасынан бір жүз метр қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын және ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерімен үйлеспейтін объектілер салуға жол берілмейді. Ол үшін әкімдіктің өкілеттілігі күшейтіледі.
Бұдан бөлек, Түркістан қаласының археология және инфрақұрылым ескерткіштерінің резерватына қатысты нормалар айқындалады.
Ал қолөнершілердің қалтасынан шығатын шығындардың бір бөлігін бюджет есебінен өтеу жоспарланған. Осы мақсатта жыл сайын 88,5 млн теңге бөлінеді.
Бүгін сенат депутаттары Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заңды бірден екі оқылымда мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.
Яссауи мавзолейі - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
30 млн теңгеге жаңғыртылған: Түркістан облысында тарихи мұнара құлады
Жаңалықтар
0