Омбыда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығы тойланады

© Photo : пресс-служба МИД КазахстанаПосол Казахстана в России Даурен Абаев посетил Омскую область
Посол Казахстана в России Даурен Абаев посетил Омскую область  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2025
Жазылу
Омбыдағы қазақ қауымдастығын шамамен 70 мың адам құрайды
АСТАНА, 13 ақпан - Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде Қазақстан елшісі Дәурен Абаев Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен кездесті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Тараптар елшінің 2023 жылғы желтоқсандағы өңірге сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды талқылауды жалғастырды. Сонымен қатар, тараптар Ертістің көлік-транзиттік әлеуетін белсенді пайдалануды қолдай отырып, кейіннен Солтүстік теңіз жолына шығуды талқылады. Қазақстанның Ертіс өңіріндегі Омбы облысының инвестициялық әлеуетін таныстыра отырып, өзен бойымен экспедиция ұйымдастыру жоспары да айтылды.
"Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындық тақырыбына ерекше назар аударылды. Омбы және қазақстандық жастардың қатысуымен атаулы іс-шаралар, патриоттық акциялар және тарихи-ағартушылық жобалар өткізілетін болады. Тағы бір айтулы күн ретінде қала тарихында есімі ерекше орын алатын көрнекті қазақ ғалымы және ағартушысы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығы тақырыбы да айтылды. Осыған орай Омбыда мерейтойлық іс-шара жоспарлануда", - дерп жазылған хабарламада.
Омбы облысының қазақ қауымы маңызды байланыстырушы буын болып табылады. Мұндағы қауымдастықты шамамен 70 мың адам құрайды. Елші отандастардың ана тілін үйренуге және өз дәстүрлерін сақтауға деген ұмтылысына көрсетілетін қолдауға ризашылығын білдірді.
конференция Историческая память и историческое образование: новые вызовы и новые подходы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2024
Қазақстан мен Ресейді жүзжылдық ортақ тарих біріктіреді – елші
Жаңалықтар
0