https://sputnik.kz/20241127/qazaqstan-men-reseydi-zhuzzhyldyq-ortaq-tarikh-biriktiredi--elshi-48838474.html
Қазақстан мен Ресейді жүзжылдық ортақ тарих біріктіреді – елші
Қазақстан мен Ресейді жүзжылдық ортақ тарих біріктіреді – елші
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі "Тарихи жады... 27.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-27T12:57+0500
2024-11-27T12:57+0500
2024-11-27T12:57+0500
ресей
қазақстан
елші
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/1b/48836961_0:123:442:372_1920x0_80_0_0_487c81b94b4f217bcf37741d608b4420.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі "Тарихи жады және тарихи білім: жаңа міндеттер мен жаңа тәсілдер" атты конференцияға қатысты.Конференция барысында Қазақстан мен Ресейдің тарих ғылымы мен тарихи білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастығын тереңдету, өңіраралық және мемлекетаралық деңгейде бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. Алексей Бородавкин өз сөзінде конференция ресейлік-қазақстандық ғылыми байланысты нығайтуға және ынтымақтастықтың жаңа форматтарын іздеуге ықпал ететінін айтты. "Ресей мен Қазақстанды жүзжылдық ортақ тарих біріктіреді. Бүгінгі аласапыран заманда тарихи жадыны сақтау мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Тарихты қазіргі саяси мақсатта және жеке мемлекеттің мүддесі үшін бұрмалау – қазіргі заманның үлкен сын-қаупінің бірі. Бұл сынға ойдағыдай қарсы тұру үшін тарих ғылымының дамуына мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде толық жауапкершілікпен қарау керек. Тарихи ақиқат – оны бұрмалаушыларға қарсы ең тиімді құрал екеніне сенімдімін. Бұл салада ресейлік және қазақстандық сарапшылардың белсенді жұмыс істеп жатқаны қуантады", - деді ресейлік елші.
https://sputnik.kz/20241127/putin-toqaevty-zhenistin-80-zhyldygyna-arnalgan-maskeudegi-is-sharalarga-qatysuga-shaqyrdy-48831350.html
ресей
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/1b/48836961_0:131:442:463_1920x0_80_0_0_a0bcde2d0ea7a35cf286e321de20b9d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, қазақстан, елші
Қазақстан мен Ресейді жүзжылдық ортақ тарих біріктіреді – елші
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі "Тарихи жады және тарихи білім: жаңа міндеттер мен жаңа тәсілдер" атты конференцияға қатысты.
Конференция барысында Қазақстан мен Ресейдің тарих ғылымы мен тарихи білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастығын тереңдету, өңіраралық және мемлекетаралық деңгейде бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.
Алексей Бородавкин өз сөзінде конференция ресейлік-қазақстандық ғылыми байланысты нығайтуға және ынтымақтастықтың жаңа форматтарын іздеуге ықпал ететінін айтты.
"Ресей мен Қазақстанды жүзжылдық ортақ тарих біріктіреді. Бүгінгі аласапыран заманда тарихи жадыны сақтау мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Тарихты қазіргі саяси мақсатта және жеке мемлекеттің мүддесі үшін бұрмалау – қазіргі заманның үлкен сын-қаупінің бірі. Бұл сынға ойдағыдай қарсы тұру үшін тарих ғылымының дамуына мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде толық жауапкершілікпен қарау керек. Тарихи ақиқат – оны бұрмалаушыларға қарсы ең тиімді құрал екеніне сенімдімін. Бұл салада ресейлік және қазақстандық сарапшылардың белсенді жұмыс істеп жатқаны қуантады", - деді ресейлік елші.