https://sputnik.kz/20241127/putin-toqaevty-zhenistin-80-zhyldygyna-arnalgan-maskeudegi-is-sharalarga-qatysuga-shaqyrdy-48831350.html
Путин Тоқаевты Жеңістің 80 жылдығына арналған Мәскеудегі іс-шараларға қатысуға шақырды
Путин Тоқаевты Жеңістің 80 жылдығына арналған Мәскеудегі іс-шараларға қатысуға шақырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Біздің елдеріміз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуге дайындалуда, деді Тоқаев. 27.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-27T10:27+0500
2024-11-27T10:27+0500
2024-11-27T10:42+0500
қасым-жомарт тоқаев
владимир путин
жеңіс
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/1b/48830884_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_35e1e3d7efd60ee492b3473c8e783867.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Біздің елдеріміз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуге дайындалуда, деді Тоқаев. Ортақ тарихқа деген құрмет әрдайым Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығына арқау болары сөзсіз, деді Қазақстан президенті Ресейде шығатын "Известия" газетіне жарияланған мақаласында. Ресей Президенті де бұл датаның біздің халық үшін маңызына тоқталды. Сондай-ақ ол қазақстандықтарды фашизмді жеңген Жеңістің 80 жылдығына арналған алдағы мерекелік шараларға белсенді қатысуға шақырды. "Келесі жылы біздің елдеріміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтетінін ерекше айтқым келеді. Біз президент Тоқаевты және басқа да қазақстандық достарды 9 мамырда Мәскеуде өтетін мерейтойлық салтанатты іс-шараларға қатысуын күтеміз. Ресейде де, Қазақстанда да нацизмге қарсы иық тіресе күрескен бабалардың ерлігін еске алып, қастерлейді. Сондықтан өскелең ұрпақ бейбітшілік пен бостандық қандай жолмен келгенін білуі керек", - деді Путин. Ресей президенті бұл әсіресе тең құқықты ынтымақтастыққа негізделетін және егеменді дамудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашатын әділетті көпполярлы әлемдік тәртіп қалыптасып жатқан қазіргі уақытта өте маңызды екенін айтты.
https://sputnik.kz/20240509/uly-otan-sogysy-ardagerlerine-arnalgan-portal-iske-qosyldy-44179680.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/1b/48830884_340:0:3071:2048_1920x0_80_0_0_e91cbe21ec02f268b57f0ed3721f3740.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин, жеңіс
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин, жеңіс
Путин Тоқаевты Жеңістің 80 жылдығына арналған Мәскеудегі іс-шараларға қатысуға шақырды
10:27 27.11.2024 (жаңартылды: 10:42 27.11.2024) АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Біздің елдеріміз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуге дайындалуда, деді Тоқаев.
Ортақ тарихқа деген құрмет әрдайым Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығына арқау болары сөзсіз, деді Қазақстан президенті Ресейде шығатын "Известия" газетіне жарияланған мақаласында.
"ХХ ғасырда біздің халықтарымыз адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста фашизмді жеңіп, ауыр сынақты бірге еңсерді. Қазақстандықтар қан майданда жан аямай соғысты. Қазақстан армияны керек-жарақпен және азық-түлікпен қамтамасыз етіп, сенімді стратегиялық тыл болды. Эвакуация кезінде жүздеген мың отбасы қазақ жерінен пана тапты. "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" деген сөз қазақстандықтар үшін жалаң ұран емес. Бұл ұғым майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің қайталанбас ерлігі ел жадында мәңгі сақталатынын білдіреді. Екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыс та қарқынды дамып келеді. Көпшілік көңілінен шығатын мәдениет күндері, фестивальдер мен көрмелер тұрақты өткізіліп тұрады"- деді Тоқаев.
Ресей Президенті де бұл датаның біздің халық үшін маңызына тоқталды. Сондай-ақ ол қазақстандықтарды фашизмді жеңген Жеңістің 80 жылдығына арналған алдағы мерекелік шараларға белсенді қатысуға шақырды.
"Келесі жылы біздің елдеріміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтетінін ерекше айтқым келеді. Біз президент Тоқаевты және басқа да қазақстандық достарды 9 мамырда Мәскеуде өтетін мерейтойлық салтанатты іс-шараларға қатысуын күтеміз. Ресейде де, Қазақстанда да нацизмге қарсы иық тіресе күрескен бабалардың ерлігін еске алып, қастерлейді. Сондықтан өскелең ұрпақ бейбітшілік пен бостандық қандай жолмен келгенін білуі керек", - деді Путин.
Ресей президенті бұл әсіресе тең құқықты ынтымақтастыққа негізделетін және егеменді дамудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашатын әділетті көпполярлы әлемдік тәртіп қалыптасып жатқан қазіргі уақытта өте маңызды екенін айтты.