https://sputnik.kz/20240509/uly-otan-sogysy-ardagerlerine-arnalgan-portal-iske-qosyldy-44179680.html
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған портал іске қосылды
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған портал іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Жобаның басты мақсаты – әр батырдың тарихта лайықты танылуын қамтамасыз ету 09.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-09T16:39+0500
2024-05-09T16:39+0500
2024-05-09T16:39+0500
9 мамыр – жеңіс күні
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43693033_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_83b27f37c929a4b08fd849d519a318ee.jpg
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен batyrlargatagzym.kz порталы іске қосылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.Сайт Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық ардагерлер туралы мәліметтермен толтырылған ақпараттық ресурсты ұсынады.Түрлі ақпарат көздерінен ақпарат жинаған сайт қазақстандықтардың майдандағы ерлігінің мәңгілік ескерткіші болып саналады. Мәдениет және ақпарат министрлігі пилоттық жобаны 2023 жылы іске қосты және ол бірден азаматтық қоғам мен еріктілердің үлкен қызығушылығына ие болды. Бүгінгі күні порталдың функционалы кеңейтіліп, деректер толыққанды жүйеленді. Портал бір жылдың ішінде, яғни Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай барлық қазақстандық ардагер туралы деректерді біріктіретін ақпараттық интерактивті жүйеге дейін жетілдіріледі.Жобаны жүзеге асыруға үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілер қатысты.Әрбір қазақстандық Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы қосымша ақпарат беру арқылы бұл жобаға өз үлесін қоса алады. Кез келген адам жеке отбасылық мұрағаттарда сақталған құжаттарды жобаға көшіруге беру арқылы сайтты толықтыруға көмектесу мүмкіндігіне ие болады. Бұл фотосуреттер, құжаттар, майданнан келген хаттар және басқа материалдар болуы мүмкін.Жобаның басты мақсаты – әр батырдың тарихта лайықты танылуын қамтамасыз ету.
https://sputnik.kz/20240509/toqaev-maskeude-otken-askeri-paradqa-qatysty-44179119.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43693033_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_87d557a735c30c6d4f9d37d070527e35.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
9 мамыр – жеңіс күні
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған портал іске қосылды
Жобаның басты мақсаты – әр батырдың тарихта лайықты танылуын қамтамасыз ету
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен
batyrlargatagzym.kz порталы іске қосылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Сайт Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық ардагерлер туралы мәліметтермен толтырылған ақпараттық ресурсты ұсынады.
Түрлі ақпарат көздерінен ақпарат жинаған сайт қазақстандықтардың майдандағы ерлігінің мәңгілік ескерткіші болып саналады. Мәдениет және ақпарат министрлігі пилоттық жобаны 2023 жылы іске қосты және ол бірден азаматтық қоғам мен еріктілердің үлкен қызығушылығына ие болды. Бүгінгі күні порталдың функционалы кеңейтіліп, деректер толыққанды жүйеленді. Портал бір жылдың ішінде, яғни Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай барлық қазақстандық ардагер туралы деректерді біріктіретін ақпараттық интерактивті жүйеге дейін жетілдіріледі.
Жобаны жүзеге асыруға үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілер қатысты.
Әрбір қазақстандық Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы қосымша ақпарат беру арқылы бұл жобаға өз үлесін қоса алады. Кез келген адам жеке отбасылық мұрағаттарда сақталған құжаттарды жобаға көшіруге беру арқылы сайтты толықтыруға көмектесу мүмкіндігіне ие болады. Бұл фотосуреттер, құжаттар, майданнан келген хаттар және басқа материалдар болуы мүмкін.
Жобаның басты мақсаты – әр батырдың тарихта лайықты танылуын қамтамасыз ету.