https://sputnik.kz/20250212/ukimet-zeynetaqy-zharnalary-boyynsha-sheshim-qabyldady-50813849.html
Үкімет зейнетақы жарналары бойынша шешім қабылдады
Үкімет зейнетақы жарналары бойынша шешім қабылдады
Sputnik Қазақстан
Бірақ әлеуметтік салық пен жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын қалдыруға шешім қабылданып отыр 12.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-12T18:43+0500
2025-02-12T18:43+0500
2025-02-12T18:43+0500
салық
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0c/50810107_0:98:1280:818_1920x0_80_0_0_d12e2fa62c0a607db773a9c5138a063e.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Үкімет қосылған құн салығын 20% емес, 16% деңгейінде бекіту аясында әлеуметтік салық пен жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұған дейін үкімет қосылған құн салығын 20%-ке көтеруді, ал кәсіпкерлердің шығындарын азайту үшін әлеуметтік салық пен жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын алып тастауды ұсынған болатын. Президент министрлер кабинеті ұсынған 20 проценттік салық тым жоғары деп айтқаннан кейін жаңа жүйе ұсынылды. Оған сәйкес, қосылған құн салығының ең жоғары мөлшерлемесі 16% болады. Бірақ әлеуметтік салық пен жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын қалдыруға шешім қабылданып отыр.Айта кетері, қазіргі кезде сараланған қосылған құн салығын енгізу ұсынылып отыр. Оған сәйкес, базалық мөлшерлеме - 16%, одан кейін денсаулық және тағы бірқатар салалар үшін 10%, ал ауыл шаруашылығы өнім өндірушілері құн салығынан толығымен босатылады.
https://sputnik.kz/20250211/qosylgan-qun-salygyn-alyp-tastasa-kartop-arzanday-ma---ministr-zhauaby-50782048.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0c/50810107_87:0:1194:830_1920x0_80_0_0_9a3ac51c96bfe963e7bce3ef6ab397c9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, үкімет
Үкімет зейнетақы жарналары бойынша шешім қабылдады
Бірақ әлеуметтік салық пен жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын қалдыруға шешім қабылданып отыр
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Үкімет қосылған құн салығын 20% емес, 16% деңгейінде бекіту аясында әлеуметтік салық пен жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін үкімет қосылған құн салығын 20%-ке көтеруді, ал кәсіпкерлердің шығындарын азайту үшін әлеуметтік салық пен жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын алып тастауды ұсынған болатын. Президент министрлер кабинеті ұсынған 20 проценттік салық тым жоғары деп айтқаннан кейін жаңа жүйе ұсынылды. Оған сәйкес, қосылған құн салығының ең жоғары мөлшерлемесі 16% болады. Бірақ әлеуметтік салық пен жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын қалдыруға шешім қабылданып отыр.
"Бизнес өкілдерімен болған кездесуде кәсіпкерлердің әлеуметтік салықты және міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді жою бөлігінде бұрын ұсынылған реформа ҚҚС мөлшерлемесі 20%-ға дейін көтерілген жағдайда жүргізілуі мүмкін екендігі атап өтілді. Сол кезде мемлекетте жұмыс берушінің орнына әлеуметтік аударымдарды жабуға кіріс болатын еді. Бірақ қазіргі уақытта ұсынылып отырған 16% ҚҚС мөлшерлемесімен әлеуметтік аударымдарды өзгеріссіз қалдыру ұсынылады", - делінген
хабарламада.
Айта кетері, қазіргі кезде сараланған қосылған құн салығын
енгізу ұсынылып отыр. Оған сәйкес, базалық мөлшерлеме - 16%, одан кейін денсаулық және тағы бірқатар салалар үшін 10%, ал ауыл шаруашылығы өнім өндірушілері
құн салығынан толығымен босатылады.