Маңғыстауда балалар жаппай уланды: мектеп асханасының 4 қызметкері жазаланды

© Photo : Министерство просвещения РКмектеп асханасы
мектеп асханасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2025
Жазылу
Былтыр қыркүйекте Мұнайлы ауданында балалар жаппай уланған болатын
АСТАНА, 11 ақпан — Sputnik. Маңғыстау облысында оқушылар жаппай уланған мектеп асханасының 4 қызметкері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Олар Мұнайлы ауданында № 8 орта мектепте жұмыс істеген. Тексеріс кезінде асхана қызметкерлерінің жалған санитарлық құжат жасағаны анықталды.
"Мұнайлы ауданы сотының үкімімен мектеп асханасының 4 жұмысшысы айыппұл түріндегі жазаға тартылды", - деп хабарлады прокуратура.
Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енді.
Еске сала кетсек, былтыр қыркүйекте Мұнайлы ауданында балалар жаппай уланды. 100-ден астам бала ауруханаға жатқызылды, екі оқушы жансақтау бөліміне түсті.
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2024
Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: 75 бала әлі ауруханада жатыр
Жаңалықтар
0