Қытайдан Ауғанстанға алғашқы жүк пойызы аттанды

© СиньхуаҚытайдан Ауғанстанға алғашқы жүк пойызы аттынды
Қытайдан Ауғанстанға алғашқы жүк пойызы аттынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2025
Жазылу
Сапардың жалпы ұзақтығы 12-15 күнге созылады
АСТАНА, 10 ақпан - Sputnik. Дүйсенбі таңертең Чунцин қаласының Туаньцзецунь станциясынан Ауғанстанның Хайратон қаласына жүк пойызы аттанды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Бұл Қытайдың оңтүстік-батысындағы орналасқан мегаполисті Ауғанстанмен байланыстыратын алғашқы тікелей теміржол маршруты іске қосылғанын білдіреді.
Жүк пойызына Қытай телекоммуникациялық алыбы ZTE шығарған коммуникациялық жабдығы тиелген, құрамда 55 контейнер бар.
55 коммуникациялық байланыс жабдығы тиелген пойыз Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қорғас шекарасын кесіп өтіп, Қазақстан мен Өзбекстан арқылы Хайратондағы діттеген жеріне жетеді. Сапардың жалпы ұзақтығы 12-15 күнге созылады деп күтілуде.
В Казахстане развивают придорожные сервисы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Солтүстік-Оңтүстік дәлізі: Қазақстан мен Ресей жүк тасымалы үшін жаңа жолдар салып жатыр
Жаңалықтар
0