https://sputnik.kz/20250130/soltustik-ontustik-dalizi-qazaqstan-men-resey-zhuk-tasymaly-ushin-zhana-zholdar-salyp-zhatyr-50426454.html
Солтүстік-Оңтүстік дәлізі: Қазақстан мен Ресей жүк тасымалы үшін жаңа жолдар салып жатыр
Солтүстік-Оңтүстік дәлізі: Қазақстан мен Ресей жүк тасымалы үшін жаңа жолдар салып жатыр
Sputnik Қазақстан
Бұл бағыт Беларусь пен Ресейді Қазақстанмен байланыстырады 30.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-30T15:31+0500
2025-01-30T15:31+0500
2025-01-30T15:31+0500
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e8/06/0e/44969937_32:0:1248:684_1920x0_80_0_0_f0aa1f27416cf9ff8843ad9baf813364.jpg
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстан мен Ресей үкімет басшыларының екіжақты кездесуінде Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің жұмысы туралы мәселе қаралғанын айтты, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Бұл бағыт Беларусь пен Ресейді Қазақстанмен байланыстырады, содан кейін Түрікменстан арқылы Оңтүстік Кавказға жол ашады.Сонымен қатар біздің еліміз Ақтау және Құрық порттарының мүмкіндіктерін кеңейте отырып, ресейлік экспорттаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасап жатыр. Ресейдің Махачқала портында да тереңдету жоспарлары талқыланды.Сондай-ақ министр Қытай, Ресей және Қазақстан арасындағы транзиттік ағындарды дамытудағы маңызды қадам болатын Қытаймен шекарадағы жаңа үшінші теміржол өткізу пункті жобасының перспективаларын атап өтті.
https://sputnik.kz/20240809/qazaqstan-soltustik-ontustik-dalizi-arqyly-zhuk-tasymaldauga-zhenildik-zhariyalady-46184803.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/0e/44969937_184:0:1096:684_1920x0_80_0_0_c4262d158b5db9498048fbc6cc069260.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей
Солтүстік-Оңтүстік дәлізі: Қазақстан мен Ресей жүк тасымалы үшін жаңа жолдар салып жатыр
Бұл бағыт Беларусь пен Ресейді Қазақстанмен байланыстырады
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстан мен Ресей үкімет басшыларының екіжақты кездесуінде Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің жұмысы туралы мәселе қаралғанын айтты, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Бұл бағыт Беларусь пен Ресейді Қазақстанмен байланыстырады, содан кейін Түрікменстан арқылы Оңтүстік Кавказға жол ашады.
Сонымен қатар біздің еліміз Ақтау және Құрық порттарының мүмкіндіктерін кеңейте отырып, ресейлік экспорттаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасап жатыр. Ресейдің Махачқала портында да тереңдету жоспарлары талқыланды.
Сондай-ақ министр Қытай, Ресей және Қазақстан арасындағы транзиттік ағындарды дамытудағы маңызды қадам болатын Қытаймен шекарадағы жаңа үшінші теміржол өткізу пункті жобасының перспективаларын атап өтті.
"Өткізу бекеттері бойынша бірлескен жұмысты атап өтпеске болмайды. Біз биыл алты өткізу пунктінде жаңғыртуды бастаймыз. Бұл, әрине, олардың өткізу мүмкіндігін 2 есеге немесе одан да көпке арттырады. Біз Қазақстан аумағында да, Ресей аумағында да бір мезгілде жаңғырту үшін жұмысты қатар жүргізуді талқыладық. Осы кезеңде бекеттер жабылмай, белгілі бір қалыпта жұмыс істей алатындай етіп жұмыс істеу тетігін әзірлеу талқыланды", — деп түйіндеді Марат Қарабаев.