Қостанай облысында білім саласының қызметкерлеріне тиісті өтемақы берілмеген

© Региональная служба коммуникаций Алматинской областиДеньги, калькулятор. Иллюстративное фото
Деньги, калькулятор. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2025
Жазылу
185 миллион теңгеден астам қаражат төленбеген 1,8 мыңнан астам педагог анықталды
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Қостанай облысында білім саласының қызметкерлері 3,8 млн теңге тиісті өтемақы алмаған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Қызметкерлерге зейнеткерлік жасқа жеткенде берілетін кепілдендірілген өтемақы және іссапар шығындары төленбеген.
"Барлығы 350 қызметкер анықталды, оларға 38 миллион теңгеден астам өтемақы төленбеген. Сонымен қатар білім бөлімдері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтарға іссапар шығындарын төлемеген", - дейді ведомстводағылар.
Хабарламаға сәйкес, конституциялық құқықтары бұзылған және оларға 185 миллион теңгеден астам қаражат төленбеген 1,8 мыңға жуық педагог анықталды.

"Қадағалау актілері бойынша 60 миллион теңгеден астам сомаға төлем жүргізілген 405 мұғалімнің құқықтары қорғалды. Қалған қызметкерлерге төлемдер жақын арада төленеді", - дейді прокуратурадағылар.

Кісі өлтіруге күдіктілерді Ресейден Қазақстанға эктсрадициялау - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2025
Бас прокуратура қаржы пирамидасының жетекшісін Қырғызстаннан экстрадициялады
Жаңалықтар
0