https://sputnik.kz/20250210/deputattar-mobildi-audarymdardyn-shekti-somasyn-engizudi-usyndy--ukimet-zhauaby-50743167.html
Депутаттар мобильді аударымдардың шекті сомасын енгізуді ұсынды – үкімет жауабы
Депутаттар мобильді аударымдардың шекті сомасын енгізуді ұсынды – үкімет жауабы
Sputnik Қазақстан
Банктер мемлекеттік кірістер органдарына аударым сомасына қарамастан кәсіпкерлік қызметтің белгілері бар мәмілелер бойынша ақпарат беруге міндетті 10.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-10T19:51+0500
2025-02-10T19:51+0500
2025-02-10T19:51+0500
банк
қаражат
https://sputnik.kz/img/07e8/01/12/41653855_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_df6916d229bfac94b8382d596012ed47.jpg
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Үкімет жеке адамдардың 3-5 мың теңгеге дейінгі мобильді аударымдарын тексермеуге қатысты ұсынысты қолдаған жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұған дейін дейін мәжілістегі "Ақжол" фракциясы мобильді аударымдардың шекті сомасын белгілеп, жеке адамдардың ақшасын тексермеуді ұсынды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, шекті сомамен де сауда жасауға болады.Сондай-ақ, үкімет жеке тұлғаның бір айлық мобильді аударымдары 1 млн теңгеден асқан жағдайда ғана тексеруге қатысты ұсынысты қолдаған жоқ.Айта кетері, бүгінде үш ай қатарынан 100 мобильді аударым алған адамдарға қатысты ақпарат салық органдарына жіберіледі. Қаржы министрлігі мен ұлттық банк қосымша талапты енгізуге шешім қабылады. Оған сәйкес, үш ай қатарынан 12 ең төменгі жалақыдан, яғни, 1 млн 20 мың теңгеден асатын мобильді аударымдар ғана бақылауға алынады. Қазіргі кезде қаржы министрінің арнайы бұйрығы әзірленді.
https://sputnik.kz/20250130/baqylauga-alyngan-mobildi-audarymdardyn-somasy-shektele-me---ulttyq-bank-aqparat-berdi-50412300.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/12/41653855_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_cdb5a02102cf33def54335d55c85c656.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк, қаражат
Депутаттар мобильді аударымдардың шекті сомасын енгізуді ұсынды – үкімет жауабы
Банктер мемлекеттік кірістер органдарына аударым сомасына қарамастан кәсіпкерлік қызметтің белгілері бар мәмілелер бойынша ақпарат беруге міндетті
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Үкімет жеке адамдардың 3-5 мың теңгеге дейінгі мобильді аударымдарын тексермеуге қатысты ұсынысты қолдаған жоқ, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін дейін мәжілістегі "Ақжол" фракциясы мобильді аударымдардың шекті сомасын белгілеп, жеке адамдардың ақшасын тексермеуді ұсынды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, шекті сомамен де сауда жасауға болады.
"Төлемднің ең төменгі шегін 3-5 мың теңге көлемінде белгілеуге қатысты ұсынысты қолдамаймыз. Себебі, бөлшек сауда саласында бір тауардың бағасы одан төмен, ал жалпы тауардың айналымы айтарлықтай жоғары болуы мүмкін", - деді Жұманғарин депутаттық сауалға берген жауабында.
Сондай-ақ, үкімет жеке тұлғаның бір айлық мобильді аударымдары 1 млн теңгеден асқан жағдайда ғана тексеруге қатысты ұсынысты қолдаған жоқ.
Айта кетері, бүгінде үш ай қатарынан 100 мобильді аударым алған адамдарға қатысты ақпарат салық органдарына жіберіледі. Қаржы министрлігі мен ұлттық банк қосымша талапты енгізуге шешім қабылады. Оған сәйкес, үш ай қатарынан 12 ең төменгі жалақыдан, яғни, 1 млн 20 мың теңгеден асатын мобильді аударымдар ғана бақылауға алынады. Қазіргі кезде қаржы министрінің арнайы бұйрығы әзірленді.