https://sputnik.kz/20250130/baqylauga-alyngan-mobildi-audarymdardyn-somasy-shektele-me---ulttyq-bank-aqparat-berdi-50412300.html
Бақылауға алынған мобильді аударымдардың сомасы шектеле ме - ұлттық банк ақпарат берді
Бақылауға алынған мобильді аударымдардың сомасы шектеле ме - ұлттық банк ақпарат берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов бақылауға алынған мобильді аударымдардың сомасын шектеуге қатысты пікір... 30.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-30T11:12+0500
2025-01-30T11:12+0500
2025-01-30T11:18+0500
салық
банк
https://sputnik.kz/img/07e8/01/12/41653855_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_5253a317147354c6137279d681c3d057.jpg.webp
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов бақылауға алынған мобильді аударымдардың сомасын шектеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазіргі кезде салықшылар мобильді аударымдардың санына қарайды. Атап айтқанда, ай сайын ондай адамға түскен аударымдардың саны 100-ден асып, үш ай қатарынан қайталанса, банктер салық органдарына тиісті ақпарат жібереді. Енді мемлекеттік кірістер комитеті бақылауға алынған мобильді аударымдардың сомасын 255 теңгемен шектеуді ұсынып отыр. Бұл мәселе ұлттық банкте қарауына жіберілген болатын. Банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, қазіргі кезде салықшылардың ұсынысын техникалық тұрғыда іске асыру мәселесі пысықталып жатыр.Оның сөзіне қарағанда, бақылауға алынған мобильді аударымдардың сомасына шектеу енгізілсе, банктерде аударымдардың санын ғана емес, сомасын да автоматты түрде бақылап, салықшыларға ақпарат жіберуге техникалық мүмкіндігі болуы керек.
https://sputnik.kz/20250113/mobildi-audarymdar-tekseriledi-manyzdy-10-suraqtyn-zhauaby-49924292.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/12/41653855_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_aa0871de844386b2fcc42ba51f175e5d.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, банк
Бақылауға алынған мобильді аударымдардың сомасы шектеле ме - ұлттық банк ақпарат берді
11:12 30.01.2025 (жаңартылды: 11:18 30.01.2025) АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов бақылауға алынған мобильді аударымдардың сомасын шектеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде салықшылар мобильді аударымдардың санына қарайды. Атап айтқанда, ай сайын ондай адамға түскен аударымдардың саны 100-ден асып, үш ай қатарынан қайталанса, банктер салық органдарына тиісті ақпарат жібереді. Енді мемлекеттік кірістер комитеті бақылауға алынған мобильді аударымдардың сомасын 255 теңгемен шектеуді ұсынып отыр. Бұл мәселе ұлттық банкте қарауына жіберілген болатын. Банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, қазіргі кезде салықшылардың ұсынысын техникалық тұрғыда іске асыру мәселесі пысықталып жатыр.
"Бүгінде банктер осы бастаманы техникалық тұрғыда іске асыру жайын қарастыруға кірісті. Егер растаса, онда болады. Егер істей алмаса, онда басқа жолдарын қарастырамыз. Бұл жерде техникалық іске асыру жағына қарау керек", - деді Шолпанқұлов сенатта өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, бақылауға алынған мобильді аударымдардың сомасына шектеу енгізілсе, банктерде аударымдардың санын ғана емес, сомасын да автоматты түрде бақылап, салықшыларға ақпарат жіберуге техникалық мүмкіндігі болуы керек.