Астананың маңында заманауи аурухана пайдалануға беріледі

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаПремьер Бектенов посетил соцобъекты Косшы
Премьер Бектенов посетил соцобъекты Косшы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2025
Жазылу
Емхана осы жылдың соңына дейін, ал стационар 2026 жылы ашылады деп жоспарланған
АСТАНА, 8 ақпан– Sputnik. Қосшы қаласында заманауи аурухананың құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Көпсалалы аурухананың құрылысы қазіргі орын тапшылығы мәселесін шешеді деген жоспар бар. Жаңа нысанда хирургия, травматология, кардиохирургия, нейрохирургия, онкология, химиотерапия және басқа да бөлімшелер болады. Бұдан бөлек, медицина қызметкерлеріне арналған екі көппәтерлі тұрғын үй және қала сыртынан келетін науқастарды орналастыру үшін пансионат құрылысы қарастырылған.
Құрылыс нысаны Viamedis компаниясының жеке инвестициясына салынып жатыр. Жобаның құны - 28 млрд теңге. Оның 9 млрд теңгеден астамы аурухананы Siemens неміс компаниясының заманауи медициналық жабдықтарымен қамтамасыз етуге жұмсалады.
“Viamedis” ЖШС бас директоры Әсет Ахметовтың айтуынша, құрылыс-монтаждау жұмыстары мерзімінен бұрын жүргізіліп жатыр. Жаңа аурухананы салуға барлығы 200-ге жуық адам жұмылдырылған. Құрылыс материалдары негізінен отандық өндірушілерден сатып алынады.
Емхана осы жылдың соңына дейін, ал стационар 2026 жылы ашылады деп жоспарланған. Медициналық мекемеде 956 жұмыс орны ашылады.
Айта кетері, қазіргі кезде Қосшыда 350 орындық стационар және бір ауысымда 1 мың келушіге дейін қабылдай алатын емхана бар. Бірақ Астана мен қала маңындағы жеті аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді. Ал қала халқы жыл сайын өсіп келеді. Қазіргі кезде Қосшыда ресми түрде 59 мыңға жуық адам тұрады. Бірақ тұрғындардың нақты саны 100 мыңнан асады.
Премьер Бектенов Қосшыны дамытудың бас жоспарымен танысты
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2025
Қосшының халқы өсіп келеді - премьер-министрге жаңа бас жоспар көрсетілді
Жаңалықтар
0