https://sputnik.kz/20250208/qosshynyn-khalqy-osip-keledi---premer-ministrge-bas-zhospar-korsetildi-50678145.html
Қосшының халқы өсіп келеді - премьер-министрге жаңа бас жоспар көрсетілді
Қосшының халқы өсіп келеді - премьер-министрге жаңа бас жоспар көрсетілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 ақпан– Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Қосшыға барып, қаланы дамытудың бас жоспарымен танысты, деп хабарлайды үкіметтің... 08.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-08T12:27+0500
2025-02-08T12:27+0500
2025-02-08T12:28+0500
олжас бектенов
https://sputnik.kz/img/07e9/02/08/50674654_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_f5fb5e46abc7a974a10f0d9d25c4ab34.jpg
АСТАНА, 8 ақпан– Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Қосшыға барып, қаланы дамытудың бас жоспарымен танысты, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. Қазіргі кезде Қосшыда ресми түрде 59 мыңға жуық адам тұрады. Бірақ тұрғындардың нақты саны 100 мыңнан асады. Ал инженерлік желілер 30 мың тұрғынға есептелген. Болжамға сәйкес, 2038 жылға қарай халық саны 150 мыңға дейін өседі.Жаңа бас жоспарда көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына 360 гектардан астам, жеке тұрғын үй құрылысына 900 гектардан астам жер телімі бөлінген. Сондай-ақ 2038 жылға дейін 31 балабақша, 16 жалпы орта мектеп, облыстық аурухана және 7 емхана салу жоспарланып отыр. Ал қаланың солтүстік-батыс бөлігінде жаңа жұмыс орындарын құру үшін жалпы ауданы 264 га индустриялық аймақ ашу көзделген. Елордаға апаратын жол да салынады.Бұдан бөлек, әкімшілік ғимараттар, орталық стадион, мұз сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, мәдениет үйлері, жаңа неке сарайы, оқушылар сарайы, театр, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін салу үшін аумақтар қарастырылған.Айта кетері, 2021 жылы Қосшыға қала мәртебесі берілген болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/08/50674654_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_16124d200cedeecd5ae63231fb1c0c5b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олжас бектенов
Қосшының халқы өсіп келеді - премьер-министрге жаңа бас жоспар көрсетілді
12:27 08.02.2025 (жаңартылды: 12:28 08.02.2025) АСТАНА, 8 ақпан– Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Қосшыға барып, қаланы дамытудың бас жоспарымен танысты, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде Қосшыда ресми түрде 59 мыңға жуық адам тұрады. Бірақ тұрғындардың нақты саны 100 мыңнан асады. Ал инженерлік желілер 30 мың тұрғынға есептелген. Болжамға сәйкес, 2038 жылға қарай халық саны 150 мыңға дейін өседі.
Жаңа бас жоспарда көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына 360 гектардан астам, жеке тұрғын үй құрылысына 900 гектардан астам жер телімі бөлінген. Сондай-ақ 2038 жылға дейін 31 балабақша, 16 жалпы орта мектеп, облыстық аурухана және 7 емхана салу жоспарланып отыр. Ал қаланың солтүстік-батыс бөлігінде жаңа жұмыс орындарын құру үшін жалпы ауданы 264 га индустриялық аймақ ашу көзделген. Елордаға апаратын жол да салынады.
Бұдан бөлек, әкімшілік ғимараттар, орталық стадион, мұз сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, мәдениет үйлері, жаңа неке сарайы, оқушылар сарайы, театр, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін салу үшін аумақтар қарастырылған.
Айта кетері, 2021 жылы Қосшыға қала мәртебесі берілген болатын.