https://sputnik.kz/20250207/ulttyq-bank-byltyr-zhalpy-salmagy-17-tonna-quyma-altyn-satty-50663324.html
Ұлттық банк былтыр жалпы салмағы 1,7 тонна құйма алтын сатты
Ұлттық банк былтыр жалпы салмағы 1,7 тонна құйма алтын сатты
Sputnik Қазақстан
Қазақстандықтар қаржылық жағдайды ескеріп, алтынға салым салып жатыр 07.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-07T19:15+0500
2025-02-07T19:15+0500
2025-02-07T19:15+0500
ұлттық банк
алтын құйма
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556680_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_de3a08e6a3dc5365811f80ef1b33f7c9.jpg
АСТАНА, 7 ақпан - Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі былтыр банктер мен айырбастау пункттеріне жалпы салмағы 1,7 тонна болатын 47 395 өлшемелі құйма алтын сатты. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.2024 жылғы өлшемелі құймалардың ең көп көлемі Алматыда сатылды (32 735 дана, 69%). Сондай-ақ Шымкент (5 200 дана,11%) және Қарағанды (2 209 дана, 5%) қалаларында алтын құймалар көптеп сатылды.Халыққа арналған өлшемелі құймаларды сатып алу және сату Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ жекелеген банктік емес айырбастау орындары арқылы қолжетімді."Былтыр екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пункттері халыққа кері сатып алуды ескере отырып, жалпы салмағы 2,5 тонна болатын 71 106 өлшемелі құйма сатты. Бағдарлама басталғаннан бастап іске асқан жалпы уақытта салмағы 7,9 тонна 222 680 алтын құйма сатылды", - делінген банк хабарламасында.Халық арасында салмағы 10 грамм құйма сұранысқа ие. Бұл салмақта жалпы 54 875 дана алтын сатылды, яғни сатылған жалпы көлемінің 25%-ін құрайды. Одан кейін 5 грамм - 49 145 дана (22%), 100 грамм – 47 943 дана (22%), 20 грамм – 40 843 дана (18%) және 50 грамм – 29 874 дана (13%) тұр.
https://sputnik.kz/20250204/ulttyq-bank-qazaqstandyqtarga-saq-boludy-eskertti-50548166.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556680_455:0:3186:2048_1920x0_80_0_0_e0c49a98107eb0993d5a0aec763e7911.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, алтын құйма
Ұлттық банк былтыр жалпы салмағы 1,7 тонна құйма алтын сатты
Қазақстандықтар қаржылық жағдайды ескеріп, алтынға салым салып жатыр
АСТАНА, 7 ақпан - Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі былтыр банктер мен айырбастау пункттеріне жалпы салмағы 1,7 тонна болатын 47 395 өлшемелі құйма алтын сатты. Бұл туралы Ұлттық банктің
баспасөз қызметі хабарлады.
2024 жылғы өлшемелі құймалардың ең көп көлемі Алматыда сатылды (32 735 дана, 69%). Сондай-ақ Шымкент (5 200 дана,11%) және Қарағанды (2 209 дана, 5%) қалаларында алтын құймалар көптеп сатылды.
Халыққа арналған өлшемелі құймаларды сатып алу және сату Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ жекелеген банктік емес айырбастау орындары арқылы қолжетімді.
"Былтыр екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пункттері халыққа кері сатып алуды ескере отырып, жалпы салмағы 2,5 тонна болатын 71 106 өлшемелі құйма сатты. Бағдарлама басталғаннан бастап іске асқан жалпы уақытта салмағы 7,9 тонна 222 680 алтын құйма сатылды", - делінген банк хабарламасында.
Халық арасында салмағы 10 грамм құйма сұранысқа ие. Бұл салмақта жалпы 54 875 дана алтын сатылды, яғни сатылған жалпы көлемінің 25%-ін құрайды. Одан кейін 5 грамм - 49 145 дана (22%), 100 грамм – 47 943 дана (22%), 20 грамм – 40 843 дана (18%) және 50 грамм – 29 874 дана (13%) тұр.