Ұлттық банк қазақстандықтарға сақ болуды ескертті

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаЗдание Национального банка Казахстана
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2025
Жазылу
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертеді
АСТАНА, 4 ақпан - Sputnik. Ұлттық банк құнды заттарды инкассациялау қызметін ұсынатын компаниялардың түрлі интернет-ресурстарда жарияланатын хабарламаларына сақ болу керек екенін ескертті. Себебі олардың арасында тиісті Ұлттық банктің лицензиясы жоқ компаниялар да кезігіп жатады.
Атап айтқанда, өзге ұйымға берілген Қлттық банк лицензиясының реквизиттерін заңсыз пайдаланып жүргендер бар. Сондай деректің бірі өзін "Brinks" инкассация қызметі" ЖШС деп атайтын ұйым сайтында (оны шетелдік The Brink's Company инкассаторлық компаниясымен шатастыруға болмайды) орналастырылған. Сол арқылы бұл компания өз қызметінің заңды екенін көрсетуге тырысқан.
"Осындай ұйымдармен шарт жасасып, оларға құнды заттарды инкассацияға беру – тәуекелі жоғары іс. Ұлттық банк азаматтар мен заңды тұлғаларды сақ болуға және инкассация бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың қызметін пайдалануға шақырады", - делінген хабарламада.
Белгілі бір ұйымда лицензияның бар-жоғын тексеру үшін Ұлттық банкітң сайтында орналастырылған тиісті лицензиясы бар ұйымдардың ресми тізілімімен танысу қажет.
"Қандай да бір алаяқтық әрекетке тап болған жағдайда Қазақстанның құқық қорғау органдарына арызбен жүгіну қажет. Кеңес алу үшін 1477 нөмірі арқылы Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға болады.
Деньги - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2025
Ұлттық банк ескі үлгідегі 48 млн АҚШ долларын елден шығарды
Жаңалықтар
0