https://sputnik.kz/20250204/ulttyq-bank-eski-ulgidegi-48-mln-aqsh-dollaryn-elden-shygardy-50546863.html
Ұлттық банк ескі үлгідегі 48 млн АҚШ долларын елден шығарды
Ұлттық банк ескі үлгідегі 48 млн АҚШ долларын елден шығарды
Sputnik Қазақстан
Ұлттық банк АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесімен уағдаластыққа қол жеткізген 04.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-04T18:15+0500
2025-02-04T18:15+0500
2025-02-04T18:22+0500
ұлттық банк
доллар
https://sputnik.kz/img/old/839/31/8393159_0:197:2941:1851_1920x0_80_0_0_3fba2fd64f6410b40edf36dc72ef40c0.jpg
АСТАНА, 4 ақпан — Sputnik. Қазақстан Ұлттық Банкі 2024 жылы сұраныстан тыс қалған ескі үлгідегі қолма-қол АҚШ долларын екінші деңгейлі банктерден сатып алу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ұлттық банк тікелей АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесімен ескі үлгідегі қолма-қол АҚШ долларын қабылдау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізген. Бұл өз кезегінде тасымалдау, сақтандыру секілді басқа да шығындарды азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Осылайша бұл операциялар бойынша комиссиялық сыйақы 0,3%-ға төмендетілді.Ұлттық банктің хабарлауынша, сұраныста жоқ қолма-қол ақшаның жиналып қалу мәселесін шешу үшін бұл операциялар уақытша шара ретінде жалғасын табады.
https://sputnik.kz/20250203/bzhzq-dan-valyuta-satyp-alu-zhospary-zhoq---ulttyq-bank-50508344.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/839/31/8393159_104:0:2835:2048_1920x0_80_0_0_9be0c5057e691cf44e937b000c16eb77.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, доллар
Ұлттық банк ескі үлгідегі 48 млн АҚШ долларын елден шығарды
18:15 04.02.2025 (жаңартылды: 18:22 04.02.2025) Ұлттық банк АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесімен уағдаластыққа қол жеткізген
АСТАНА, 4 ақпан — Sputnik. Қазақстан Ұлттық Банкі 2024 жылы сұраныстан тыс қалған ескі үлгідегі қолма-қол АҚШ долларын екінші деңгейлі банктерден сатып алу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Шетелдік контрсеріктестердің нарықтық бағамы негізінде комиссиялық сыйақы белгіленді. Өткен жылдың соңында Ұлттық банк екінші деңгейлік банктерден қабылданған 48 миллион АҚШ доллары көлемінде сұраныстан тыс қалған қолма-қол ақшаны шығарды", - деп жазылған хабарламада.
Ұлттық банк тікелей АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесімен ескі үлгідегі қолма-қол АҚШ долларын қабылдау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізген. Бұл өз кезегінде тасымалдау, сақтандыру секілді басқа да шығындарды азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Осылайша бұл операциялар бойынша комиссиялық сыйақы 0,3%-ға төмендетілді.
Ұлттық банктің хабарлауынша, сұраныста жоқ қолма-қол ақшаның жиналып қалу мәселесін шешу үшін бұл операциялар уақытша шара ретінде жалғасын табады.