Ақшалай кірісінен шығыны көп облыс белгілі болды

© PhotoЗамороженный картофель-фри начали производить в Кызылорде
Замороженный картофель-фри начали производить в Кызылорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2025
Жазылу
Халықтың табысы аз аймақ - Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент
АСТАНА, 7 қаңтар - Sputnik. Қазақстанның екі облысында жан басына шаққанда ақшалай кірісінен шығыны көп, деп хабарлайды Finprom.
2024 жылдың үшінші тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы 336 мың теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда халықтың табысы 12,7%, ал бес жыл ішінде 91%-ке өсті
Былтыр үшінші тоқсанда ең жоғары табысы бар өңірлер Астана (жан басына шаққанда орта есеппен 495,4 мың теңге), Қарағанды облысы (445,5 мың теңге), Алматы (443,5 мың теңге), сондай-ақ Шығыс Қазақстан (410,6 мың теңге) және Қостанай (400,7 мың теңге) облыстары болды.
Халықтың табысы аз аймақ - Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент.
Ақшалай шығыс 2024 жылдың үшінші тоқсанында жан басына шаққанда орташа есеппен 295,9 мың теңге болды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9%-ке артық, ал бес жыл ішінде көрсеткіш 76,9%-ке өсті.
Халық шығыстарының жартысы азық-түлік тауарларына жұмсалды.
Өңірлік бөліністе былтыр Астана мен Алматы тұрғындарының ақшалай кірісінен шығыны шығыны көп болған. Одан кейін Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
Ақшаға ең аз шығындалатын облыс - Түркістан, Жамбыл облыстары және Шымкент қаласы.
график биржа торги - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2025
Қазақстандық компания биржада 3 млрд теңге табыс тапты
Жаңалықтар
0