https://sputnik.kz/20250108/qazaqstandyq-kompaniya-birzhada-3-mlrd-tenge-tabys-tapty-49840801.html
Қазақстандық компания биржада 3 млрд теңге табыс тапты
Қазақстандық компания биржада 3 млрд теңге табыс тапты
Sputnik Қазақстан
Облигацияларды орналастыру арқылы тартылған қаражат мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық қызметтерінің инфрақұрылымын дамытуға бағытталады 08.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-08T21:31+0500
2025-01-08T21:31+0500
2025-01-08T21:31+0500
компания
табыс
https://sputnik.kz/img/14/17/141782_0:230:2048:1382_1920x0_80_0_0_9024ecbff363ef14419b058e15ad704b.jpg
АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" (ҰАТ) АҚ облигациялар шығару арқылы 3 миллиард теңге (5,6 миллион доллар) тартты."2024 жылдың 27 желтоқсанында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Қазақстан қор биржасында (KASE) алғашқы облигацияларын сәтті орналастырды. Компания жылдық 19%-бен 3 миллиард теңге тартты", - деп хабарлады компания.Облигацияларды орналастыру Ұлттық ақпараттық технологияларға қарыз капиталының нарығына шығуға мүмкіндік берді.Компанияның облигацияларына NITCb1 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілген. Алғашқы пайыздық төлем 2025 жылдың маусымында жасалады деп күтілуде."Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ – Қазақстанның мемлекеттік органдарына арналған цифрлық шешімдердің жетекші жабдықтаушысы. Компания 2000 жылы құрылған және ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсетуге маманданған. Компанияның жүзеге асырылып жатқан жобаларының қатарында "электронды үкімет" порталы, e-лицензиялау, "eGov Mobile" мобильді қосымшасы, Smart Bridge жобасы және тағы басқалары бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/14/17/141782_0:38:2048:1574_1920x0_80_0_0_617ab71ba8b9077f56f1b190576cd107.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
компания, табыс
Қазақстандық компания биржада 3 млрд теңге табыс тапты
Облигацияларды орналастыру арқылы тартылған қаражат мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық қызметтерінің инфрақұрылымын дамытуға бағытталады
АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" (ҰАТ) АҚ облигациялар шығару арқылы 3 миллиард теңге (5,6 миллион доллар) тартты.
"2024 жылдың 27 желтоқсанында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Қазақстан қор биржасында (KASE) алғашқы облигацияларын сәтті орналастырды. Компания жылдық 19%-бен 3 миллиард теңге тартты", - деп хабарлады компания.
Облигацияларды орналастыру Ұлттық ақпараттық технологияларға қарыз капиталының нарығына шығуға мүмкіндік берді.
"Облигацияларды орналастыру арқылы тартылған қаражат Қазақстанның мемлекеттік органдарының жұмысын қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің инфрақұрылымын дамытуға бағытталады", - делінген хабарламада.
Компанияның облигацияларына NITCb1 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілген. Алғашқы пайыздық төлем 2025 жылдың маусымында жасалады деп күтілуде.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ – Қазақстанның мемлекеттік органдарына арналған цифрлық шешімдердің жетекші жабдықтаушысы. Компания 2000 жылы құрылған және ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсетуге маманданған. Компанияның жүзеге асырылып жатқан жобаларының қатарында "электронды үкімет" порталы, e-лицензиялау, "eGov Mobile" мобильді қосымшасы, Smart Bridge жобасы және тағы басқалары бар.