Мемлекет қаражатына тұруға жарамсыз пәтер сатып алған азамат сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевАдам қолындағы ақша
Адам қолындағы ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2025
Жазылу
Қоныс аударушы жымқырған 4 млн теңгені мемлекетке қайтарды
АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Қостанай облысы Меңдіқара ауданында 4 млн теңге субсидияны жымқырған тұрғын сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
2023 жылы мамырда қоныс аударған тұрғын мемлекеттік субсидиямен Сосновский ауылдық округінің Приозерное ауылынан пәтер сатып алған. Бірақ ол бұл мекен-жайда тұрмаған.
"Тексеру кезінде үйдің жарияланған құнына сәйкес келмейтіні және өмір сүруге жарамсыз екені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу кезінде куәгер, яғни үйді сатқан адам үйді небәрі 350 000 тенгеге сатқанын айтты. Ал қоныс аударушыға мемлекет баспана үшін 4 млн теңге субсидия берген. Үйдің иесі оны қоныс аударушының жеке шотына аударғанын айтты", — дейді ведомстводағылар.
Банк сертификаттарын текергенде қаражаттың жылжымайтын мүлік сатушысына аударылмағаны да анықталды.
Мемлекеттің қаражатын жымқырған үй сатып алушы аудандық сот үкімімен 3 жылға бас бостандығынан шектелді. Жымқырған 4 млн теңгені мемлекетке қайтарды.
Айта кетейік, 2023 және 2024 жылдарға арналған ішкі еңбек нарығын қорғауға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, сондай-ақ жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қолдау үшін бюджеттен қоныс аударушыларға қаражат бөлінген болатын.
Выступление Алихана Смаилова в мажилисе парламента РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2024
Субсидия алған 2,5 мыңнан астам субъекті жұмысын тоқтатқан – Смайылов
Жаңалықтар
0