"Астана – Алматы" тас жолында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

© Photo : МЧС КазахстанаҚар құрсауындағы көліктер
Қар құрсауындағы көліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2025
Жазылу
Болжам бойынша жол 7 ақпанда сағат 8:00-де ашылады
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Сағат 20:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жолдың үш учаскесінде көліктің барлық түріне қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Ақмола облысында "Астана-Қарағанды-Алматы" тас жолының "Жібек жолы" өткізу бекетінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жабылды. Қарағанды ​​облысында осы аталған жолдың бойымен – Ақмола облысының шекарасынан Теміртау өткізу пунктіне дейін және Қарағандыдан Ақсу-Аюлы ауылына дейін көлік қозғалысы жабылды.
Болжам бойынша жол 7 ақпанда сағат 8:00-де ашылады.
В Казахстане развивают придорожные сервисы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Солтүстік-Оңтүстік дәлізі: Қазақстан мен Ресей жүк тасымалы үшін жаңа жолдар салып жатыр
Жаңалықтар
0