https://sputnik.kz/20250205/toqaev-ishki-ister-ministrin-qabyldady-50561756.html
Тоқаев ішкі істер министрін қабылдады
Тоқаев ішкі істер министрін қабылдады
Sputnik Қазақстан
Ержан Сәденов елдегі криминогендік жағдай және ішкі істер органдарының "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру барысы жөнінде ақпарат берді 05.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-05T13:12+0500
2025-02-05T13:12+0500
2025-02-05T13:14+0500
президент
министр
https://sputnik.kz/img/07e9/02/05/50560969_116:0:1170:593_1920x0_80_0_0_e9c792592adc0521b5ad5a3d480198a5.jpg.webp
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Министр мемлекет басшысына елдегі криминогендік жағдай және ішкі істер органдарының "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру барысы жөнінде ақпарат берді.Сәденовтың айтуынша, елімізде қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде былтыр қылмыс саны 12,7 мыңға азайған және соңғы жылдары қылмыс деңгейінің, әсіресе, кісі өлтіру, қарақшылық, тонау мен ұрлық сияқты аса ауыр қылмыс түрлері көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендеуі байқалады.Министр қылмыскерлерді іздестіру жұмыстарының нәтижесі туралы да айтты.Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде алаяқтардың 2 миллиард теңгеден астам қаржыны елден шығаруына жол берілмеген.Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20250130/qazaqstan--reseydin-korshisi-ari-odaqtasy-toqaev-mishustinmen-kezdesti-50427868.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/05/50560969_248:0:1039:593_1920x0_80_0_0_afe6a93c067c1a766ba04a30e0211cb8.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, министр
Тоқаев ішкі істер министрін қабылдады
13:12 05.02.2025 (жаңартылды: 13:14 05.02.2025) Ержан Сәденов елдегі криминогендік жағдай және ішкі істер органдарының "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру барысы жөнінде ақпарат берді
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовты қабылдады, деп хабарлады
Ақорда.
Министр мемлекет басшысына елдегі криминогендік жағдай және ішкі істер органдарының "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру барысы жөнінде ақпарат берді.
Сәденовтың айтуынша, елімізде қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде былтыр қылмыс саны 12,7 мыңға азайған және соңғы жылдары қылмыс деңгейінің, әсіресе, кісі өлтіру, қарақшылық, тонау мен ұрлық сияқты аса ауыр қылмыс түрлері көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендеуі байқалады.
Министр қылмыскерлерді іздестіру жұмыстарының нәтижесі туралы да айтты.
"2024 жылы полиция іздеуде жүрген 1949 адамды ұстаған. Ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін 264 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Соңғы 12 айда есірткі таратуға қатысты ақпарат жариялаған 7500-ге жуық интернет-ресурс анықталып, 22 тоннаға жуық есірткі айналымға жіберілмеген, 64 есірткі зертханасы жойылған. Интернет-алаяқтардың 65 миллион қоңырауы бұғатталған. Нөмірлерді ауыстыруға арналған 48 SIM-box құрылғысы әшкереленген", - деп жазылған хабарламада.
Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде алаяқтардың 2 миллиард теңгеден астам қаржыны елден шығаруына жол берілмеген.
Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.