https://sputnik.kz/20250130/qazaqstan--reseydin-korshisi-ari-odaqtasy-toqaev-mishustinmen-kezdesti-50427868.html
Қазақстан – Ресейдің көршісі әрі одақтасы: Тоқаев Мишустинмен кездесті
Қазақстан – Ресейдің көршісі әрі одақтасы: Тоқаев Мишустинмен кездесті
Sputnik Қазақстан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті 30.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-30T17:04+0500
2025-01-30T17:04+0500
2025-01-30T17:36+0500
қасым-жомарт тоқаев
ресей
премьер-министр
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1e/50419541_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_ed80d1bc02d6a41b1825520793352c4b.jpg
АСТАНА, 30 қаңтар. — Sputnik. Кездесуде екі елдің стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланып, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қарым-қатынасты жандандыруға баса назар аударылды, деп хабарлайды Ақорда.Тоқаев екі ел арасындағы достық пен тату көршілікті нығайтуға Михаил Мишустиннің қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар Ресей президенті Владимир Путиннің былтыр 27 қарашада Астанаға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың өзекті екенін атап өтті.Мишустин мемлекет басшылары алға қойған міндеттерді нақты іске асыруға дайын екенін мәлімдеді"Ресейдің аймақтары Қазақстанның көптеген облысымен тікелей байланыс орнатқан. Өзіңіз атап өткендей, бұл форматтың маңызы зор, оның тиімділігін арттыруға барынша қолдау көрсетеміз. Қазақстан – Ресей Федерациясының көршісі әрі одақтасы. Біздің қарым-қатынасымыз достық пен өзара құрметке негізделген", – деді Ресей үкіметінің төрағасы.Кездесуде энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды. Сонымен қатар ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.Мемлекет басшысы Ресей президентінің Мәскеудегі Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға шақыруын қабыл алғанын айтты.
https://sputnik.kz/20250130/zhenistin-80-zhyldyq-merekesi-toqaev-maskeuge-barudy-zhosparlap-otyr-50427640.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1e/50419541_150:0:1050:675_1920x0_80_0_0_24feae584aff7c5627fe4a2dec86a253.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ресей, премьер-министр, еаэо
қасым-жомарт тоқаев, ресей, премьер-министр, еаэо
Қазақстан – Ресейдің көршісі әрі одақтасы: Тоқаев Мишустинмен кездесті
17:04 30.01.2025 (жаңартылды: 17:36 30.01.2025) Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
АСТАНА, 30 қаңтар. — Sputnik. Кездесуде екі елдің стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланып, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қарым-қатынасты жандандыруға баса назар аударылды, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев екі ел арасындағы достық пен тату көршілікті нығайтуға Михаил Мишустиннің қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар Ресей президенті Владимир Путиннің былтыр 27 қарашада Астанаға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың өзекті екенін атап өтті.
"Елдеріміздің арасындағы байланыс беки түсті. Бұл мемлекетаралық ынтымақтастықтың барлық саласын қамтиды. Сіздің Астанаға жасаған сапарыңызды жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңызды кезеңі ретінде қарастырамыз. Владимир Путиннің Қазақстанға жасаған сапары барысында Уфада өңіраралық форум табысты өтті. Биыл біз кезекті форумды Қазақстан аумағында, яғни Орал қаласында ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ынтымақтастықтың осы форматы нәтижелі болады деп ойлаймын", – деді президент.
Мишустин мемлекет басшылары алға қойған міндеттерді нақты іске асыруға дайын екенін мәлімдеді
"Ресейдің аймақтары Қазақстанның көптеген облысымен тікелей байланыс орнатқан. Өзіңіз атап өткендей, бұл форматтың маңызы зор, оның тиімділігін арттыруға барынша қолдау көрсетеміз. Қазақстан – Ресей Федерациясының көршісі әрі одақтасы. Біздің қарым-қатынасымыз достық пен өзара құрметке негізделген", – деді Ресей үкіметінің төрағасы.
Кездесуде энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды. Сонымен қатар ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Ресей президентінің Мәскеудегі Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға шақыруын қабыл алғанын айтты.