https://sputnik.kz/20250205/qaytarylgan-aktivter-ulytau-oblysynda-zhana-mektep-salynady-50556833.html
Қайтарылған активтер: Ұлытау облысында жаңа мектеп салынады
Қайтарылған активтер: Ұлытау облысында жаңа мектеп салынады
Sputnik Қазақстан
Нысанның құны 1,4 млрд теңгеден асады 05.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-05T09:56+0500
2025-02-05T09:56+0500
2025-02-05T11:23+0500
үкімет
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e9/02/05/50555883_0:0:1281:720_1920x0_80_0_0_e80c27c74f8c80eb8f6a6eef3e2f0f86.jpg
АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. Ұлытау облысында жаңа мектеп салу үшін қайтарылған активтерден 1,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Нақтырақ айтқанда, бұл нысан 80 оқушыға есептелген және аймақтағы Қаражал қаласында салынады.Бүгінде шағын ауданда тұратын балалардың басым бөлігі қаланың басқа аудандарындағы мектептерде білім алуда. Олар екі ауысымда автобуспен тасымалданады. Жаңа білім ошағының құрылысы балаларды заман талабына сай оқытуға қолайлы жағдай жасап, білім алуға қол жеткізуін арттыруға мүмкіндік береді.Басшының айтуынша, "Теміржол" ықшам ауданында жаңа мектеп салынса, ескі мектеп ғимаратынан балабақша ашу жоспарланып отыр.Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға шамамен 56,6 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысының Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай ауылындағы мектептер, Түркістан облысының Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола облысының Зеренді ауылындағы спорт кешені, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана және Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.
https://sputnik.kz/20250204/biyl-astanada-qansha-mektep-paydalanuga-beriledi-50546714.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/05/50555883_158:0:1118:720_1920x0_80_0_0_e2191dd14b0e93560705a617c9cd1705.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, мектеп
Қайтарылған активтер: Ұлытау облысында жаңа мектеп салынады
09:56 05.02.2025 (жаңартылды: 11:23 05.02.2025) Нысанның құны 1,4 млрд теңгеден асады
АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. Ұлытау облысында жаңа мектеп салу үшін қайтарылған активтерден 1,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлады
үкіметтің баспасөз қызметі.
Нақтырақ айтқанда, бұл нысан 80 оқушыға есептелген және аймақтағы Қаражал қаласында салынады.
Бүгінде шағын ауданда тұратын балалардың басым бөлігі қаланың басқа аудандарындағы мектептерде білім алуда. Олар екі ауысымда автобуспен тасымалданады. Жаңа білім ошағының құрылысы балаларды заман талабына сай оқытуға қолайлы жағдай жасап, білім алуға қол жеткізуін арттыруға мүмкіндік береді.
"Қаражал қаласында 1,7 мың бала мектепте оқитын болса, соның 200-ге жуығы "Теміржол" ықшам ауданында тұрады. Олар қаладағы жалпы білім беретін үш мектепке қатынап білім алуда. Әрине, балаларды оқыту үшін автобус тасымалын ұйымдастырамыз. Бірақ дегенмен де оқушылар үшін қалаға келіп, кету қиын", — деді Қаражал қаласы білім бөлімінің басшысы Тілеш Аштаев.
Басшының айтуынша, "Теміржол" ықшам ауданында жаңа мектеп салынса, ескі мектеп ғимаратынан балабақша ашу жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға шамамен 56,6 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысының Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай ауылындағы мектептер, Түркістан облысының Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола облысының Зеренді ауылындағы спорт кешені, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана және Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.